---
title: "Етегі желкілдеген жеңге &amp; Жәке, Мәке, Сәке, Бәкелер"
description: "Қарымсақ ауылы. Сырт көрінісі өзгеше. Қырыққа жуық сырлы, майлы бояумен боялған аппақ үйлер. Бір қар..."
author: "keit"
published: "2017-04-18T01:04:33+00:00"
modified: "2017-04-18T01:04:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/etegi-zhelkildegen-zhe-ge-amp-zh-ke-m-ke-s-ke-b-keler-763765"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/etegi-zhelkildegen-zhe-ge-amp-zh-ke-m-ke-s-ke-b-keler-763765/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Етегі желкілдеген жеңге &amp; Жәке, Мәке, Сәке, Бәкелер

> Қарымсақ ауылы. Сырт көрінісі өзгеше. Қырыққа жуық сырлы, майлы бояумен боялған аппақ үйлер. Бір қар...

Қарымсақ ауылы. Сырт көрінісі өзгеше. Қырыққа жуық сырлы, майлы бояумен боялған аппақ үйлер. Бір қарағанда облыс орталығынан аумайды. Көшенің әр жері қиыршық тастардан қаланған жолдар. Ол аз дегендей мәдениет үйінің өзі қандай. Бұл да бір ауыр жұмыс. Оны басқаратын Жағымпаз Жалқаубайұлының өзі бір төбе. Мәке мен Сәкелерін айтсайшы. Соларға жағынып жүріп, ананы сұрайды, мынаны сұрайды. Әйтеуір бір тоймайды. Бұрынғыдай емес пошымы да өзгерген. Білінбей тұратын белі де, үлкен қарынға айналған. Тіпті десең, түр әлпетіне дейін нәр алып, екі борбайы ұрттай болып ісіп кеткен. Ісіп кеткені былай тұрсын, жәй ғана денесінің кей жерлерін май басқан. Жүрісін айтсайшы. Сымдай иірілген денесімен тіп – тік жүретін ол, қазір болса аяғын талтаңдай басып, екі қолы екі жаққа елек – елек ететін болыпты. Бұл аз дегендей жиі – жиі күлкіге қалатын кездері де көбейген. Есіме түсіп тұрғаны. Осы жақында жеңгетайлық жасап басқармаға түсіп қалғаны. Оның бәрі мәдениет үйіне жаңа микрофонның қажет болуынан туды. Қараны ұстамаймын деп сызылған жас әнші, киіміме сәйкес қызыл микрофон тауып беруді талап етті. Жәкеде жас әншінің өтінішінен шыға алмай, қайтадан баяғы әдетіне көшті. Бір күнде облысқа жүріп кетті. Қала орталығындағы мәдениет сарайының жоғарғы қабатына көтеріліп, хатшы қыздан Мәкені сұрады. Қатшының бастықтың жиналыста деген сөзіне қарамастан есікті ашып амандық саулық сұрады. Жәкені күтпеген Мәке сасып қалды. Ойында бұл тағы не сұрауға келді. Осылай амандықтан кейін, Жәке орталықтан екі сағаттан соң шықты. Бірақ бұл жолы көңілсіз шықты. Беті қайтқаны көрініп тұр. Азанымен ерте келіп тағыда Мәкенің асты-үстіне түсті. Бірақ бұл жолыда ешнәрсе шыға қоймады. Осылай жүргеніне бір жетідей болған кезде, алдынан біреу кесе көлденең өте шықты. Оған ашуының келгені соншалық, Мәке ащы дауысымен бақырып жіберді. Бұл тәрбиесізге менің кім екенімді көрсетейін деп қасына жақындап дауысын қатты шығара бастап еді, өзіне осыдан екі жыл бұрын өтініш білдірген Мәкенің нағашы інісін таныды. Ол жолы жас баланың көңілін қалдырып кері қайтарған түгін. Ал бүгін оны өзіне жақын тартып, әңгімеге тарта түсті. Жасы отыздардан асып бара жатқан іні өзіне бір жақсы қызды қарастыра жүруін, егер сондай қыз тап бола қалса көп созбай құдалық қамына тез кірісуді өтінген. Ол жолы Жәке осындай ұсақ түйекпен айналысып жүрсем жұрт не ойлайды деп ойлап бірден өз басын ала қашқан. Ал қәзіргі жағдай мүлде басқа. Егер Мәкенің інісіне осы жолы көмектессем, оның ақысын қалайда басқа қажетілікпен өтеп алармын деп ойлады. Оның әліде бойдақ екенін, оңды қыз жолықпай жүргенін біліп, өзінің осы жолы қолы бос екенін айтып, көмектесетіндігін білдірді. Мәкенің бұл жолыда жолы бола кетті. Оның ойынан шығатын қыз іздеп көп те жүрген жоқ. Өзінің досы келесі ауылдың бас прокуроры Сәкеге жолығып, мән жәйді түсіндірді. Сәкеде мән жәйді бірден түсініп, ауылда жиырма тоғызға жаңа толған уылжыған жас қыз бар деп ауызының суы құрып айта жөнелді. Мәке болса сол қызбен тез тіл табысудың қамына кірісті, бірден жауабын да тапты. Бұрынғының салты ұмытылған ба? Әсіресе жеңгенің қайын сіңілісінен артық білетін жан барма деп бірден қыздың жеңгесімен кездесіп, анау мынауын да алып беріп қызды көндіре берді. Ал бұл кездері отау иесі атанайын деп жүрген бойдағымыз ше? Сенгіш көңіл, Мәкенің талғамына сеніп, той қамына кірісе бастады. Осылай той болатын күні екі жас бір - бірін алғаш рет көрді. Қызға жігіттің ұнағаны сөзсіз, ал отыздан асқан жігітіміз ше? Жұбайы атанатын қызды алғаш көргенде түрі өзгере бастады. Езуінен күлкі сап тиылып, көзі шарсынан шыға жаздап, көзі мөлтілдеп, басы салбырады да қалды. Той бір шағын үйде, аз ғана туыстардын арасында өткізілмек. Екі жасты ұзыннан жайылған ақ дастарханға шақырды. Қыз өз өмірінің жаңа беттерін ашуға асыққандай, асыға аптыға, шапшаң келіп столдың төргі бетіне барып тұра қалды. Бір кезде күйеу баланы бірнеше қайталап шақырыпты. Сол сәтте күйеу жоқ, қашып кетіпті деген айқай естілді. Жұрт таңдана Жәкеге бір қарап, Сәкеге бір қарап, қалыңдықтың жылап отырғанын көрді. Ашуы келген жеңешеміз, бізді осылай мазақтайын дедіңдер ме деп беттен тарпа бас салады. Әйтеуір бәрі улап шулап мына бір жеңгеден құтқарып, бәрі тарқай бастады. Сол сәтте басқармадан Мәкені іздеп, оны қамауға алып кетті. Сеніп жүрген Сәкесі де көрінбеді. Осылай деп Бәке қасындағы жолдасына бір қарап, алысқа бір көз тастап еді. Аяғын алшаң басқан, денесінің ірілігіне қарамай, қопаңдап жүре алмай келе жатқан біреуді көрді. Жақындаған сайын етегі желкілдей ме мына келіншектің деп дұрыстап көз тастап қараса баяғы сол өзіміздің жеңгетай Мәке. Қамаудан шыққанына біраз болмаған сияқты. Онда да келін жақ арызды қалай алды екен. Бұл да бір көңіл көтеретін оқиға болар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/etegi-zhelkildegen-zhe-ge-amp-zh-ke-m-ke-s-ke-b-keler-763765](https://yvision.kz/kk/post/etegi-zhelkildegen-zhe-ge-amp-zh-ke-m-ke-s-ke-b-keler-763765)