---
title: "Есте қалған, қалмағанның (әзірше) соңғысы"
description: "Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаларға жаңа қосымша. Осы жолы суреттерге өзім ойлап тапқан «е..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-01-21T11:51:53+00:00"
modified: "2017-01-21T11:51:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/este-al-an-alma-anny-zirshe-so-ysy-750950"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/este-al-an-alma-anny-zirshe-so-ysy-750950/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Есте қалған, қалмағанның (әзірше) соңғысы

> Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаларға жаңа қосымша. Осы жолы суреттерге өзім ойлап тапқан «е...

![](http://im8.asset.yvimg.kz/images/post/special/illustration/dc/dc9e5f242bc6852c8a7c9ce2bdb08f0f_500_242.jpg?x=0.9396459495611116)

Осы тақырыптағы бұрын жарияланған [жазбаларға](https://yvision.kz/post/743185) жаңа қосымша.

Осы жолы суреттерге өзім ойлап тапқан «ерекше түсіндірмелерді» жазуға уақыт болған жоқ.

Бұл осындай мазмұндағы соңғы жазбам болатын сияқты. Неге дейсіз ғой?

*Біріншіден, «сәйкессіздіктерге» толы материалдар таусылған ды, екіншіден – осыларға ұқсас хабарламаларды одан әрі іздеп, жариялаудың арты өзіме қарсы сот ісінің қозғалуымен аяқталатынынан қорқамын (қалжың болса да, бұл туралы жазбаның соңында сөз болады).*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/5Vc35biHPm0fd3u6MoocC37L15iqy4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/ua47bzFLcInGLpjuUGRwo4aoTnad2b.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/2fWulLnlvWa4LHlYQenHNZLqdfkFUT.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/C4UuwJ0XC04ou4yAj491uKVdi9zXv7.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/cmI9dyenFtC1xPUY8F7L11MuOwfd2k.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/wKTncjaT3APwt04sTE03RI6bMibrl4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/ZHOn2MQwmOa2TTP3PVIl26JVoZz5aZ.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/usVP51OsSY3bvZjISfLGd1Ff6eNIyr.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/vLa7M4yr5DZ6044JwHdOGtn1U6xX0C.jpg) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/E4Nd7KqZ1tC7oku8zmY4EsbB3LRc6w.jpg)

Осы «сәйкессіздіктердің» барлығын қазіргі болмысты белгілі дәрежеде бұрмалайтын карикатура деп айқындаса болатын шығар. Біреудің көңілінен шықпаған карикатураның біраз әбігерге түсіретін қабілеті бар екендігін жақында өзіміз естіп-көрдік.

Осы ретте аты әлемге танымал даниялық суретші-карикатурашы **Херлуф Бидструп****тың** өзінің шығармашылық жолында еңсерген қиындықтары туралы жазған естеліктерінен мына бір үзіндіні келтіргім келіп отыр: *«…**Бастапқыда мен шағын виньеткалар мен жаңа театр қойылымдарына арналған суреттерді салумен болдым. Кейін маған саяси тақырыптарда карикатураларды жасап, жариялауға рұқсат берді.Сатиралық суреттерімнің басты кейіпкерлері, негізінен,* *Франко, Муссолини, Геринг* *және* *Геббельс* *сияқты әйгілі саясаткерлер болатын**. Гитлер**ді салуға маған* *рұқсат бермеді**.* *Көп ұзамай* *Геринг**ті де бейнелеуге тыйым салды**. Германи**ядағы жағдайға арналған сатиралық суреттерімде мемлекет қайраткерлерінің орнына сол мемлекеттің өзін* *«фрау Германи**я**»* *деп әйелге теңеп салатын болдым**.* *Бірақ тым көріксіз күйде бейнеленген* *«Германия* *ханымның**»* *да газет беттеріндегі тағдыры қысқа болды. Дәл сол кезде менің* *«демократи**яға тән сөз бостандығы**»* *қағидасын басшылыққа алған егеменді мемлекетте өз ойымды еркін білдіру мүмкіндіктерінің өте шектеулі екендігіне көзім жетті**. …Дани**яда* *саяси тақырыптағы сурет өз ойыңды тапқыр да өткір етіп білдірудің бірден-бір құралына айналды**.* *Суретшіге қарағанда, журналисттің мұндай мүмкіндігі жоқ – журналист өз ойын сөзбен білдіргені үшін заңмен қудалаудың құрбанына айналу мүмкін. Ол, мәселен, үкімет басшысын түйеге теңеп, әшкерелей алмайды. Соған қарағанда, суретшінің премьер-министрді түйе түрінде бейнелеуіне әлдебіреудің сын айтып, қарсылық білдіруі екіталай**»*.

Мурат Дильмановтың Қ-ға арналған карикатурасы төңірегінде туындаған дауға қатысты айтарым: шығармашылық еркіндігін былай қойғанда, құқықтық/азаматтық қоғамға тəн əрекеттерді емес, бір ренішті цензура мен "ренжігендердің" əлімжеттігін көріп тұрғандаймын. Суретші сонда не істеу керек? Кезінде Бауыржан шоудың бір көрінісіндегі мезет еске түседі: "Кешіріңіз, сіздің мұрныңыздан ұшқанға менің басым тиіп кетті..."

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/este-al-an-alma-anny-zirshe-so-ysy-750950](https://yvision.kz/kk/post/este-al-an-alma-anny-zirshe-so-ysy-750950)