---
title: "Ессіз емес, ақылды болыңыздар!"
description: "Жақында бір танысыммен кездестім, мен жалдамалы жұмыскер болып істеген бұрынғы жұмыс орнынан бері т..."
author: "toskanbayev_a"
published: "2016-06-30T09:40:56+00:00"
modified: "2016-09-22T03:03:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/essiz-emes-a-yldy-boly-yzdar-700216"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/essiz-emes-a-yldy-boly-yzdar-700216/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ессіз емес, ақылды болыңыздар!

> Жақында бір танысыммен кездестім, мен жалдамалы жұмыскер болып істеген бұрынғы жұмыс орнынан бері т...

![Ессіз емес, ақылды болыңыздар!](https://storage.yvision.kz/images/user/toskanbayev_a/L3IVT4ZBE4Du3K1XDjOzHa7L5m4Zm1.jpg)

Жақында бір танысыммен кездестім, мен жалдамалы жұмыскер болып істеген бұрынғы жұмыс орнынан бері танимын. Танысымды Арсен деп атайық. Екі сағаттық әңгімеде ол өзінің өміріне көңілі толмайтынын айтты. Ол өмірінің көп бөлігін алады деп жұмысын кінәлады. Ауыр жұмысты орындауға тапсыратын бастығын жамандады. Ағымдарды шығындарын ғана өтеуге жететін айлығының төмен екенін де айтып кетті.

 

Мен Арсеннің өмірін елестете бастадым...

Сағат таңғы 7, оятқыш дабыл беруде, осы дауысты қарғап, Арсен тұрып, ұйқыдан ісінген көздерін сүртеді. Ол күн ешқандай қызықты күттірмейді. Оған бүгін не болатынын алдын ала біледі. Жұмысқа сүйретіліп келеді, күнін өткізеді, ақыры кешкі сағат 6 болды! Үйге қайту керек! Бірақ үйде не бар? Жұмыстың көптігінен кешкі ас істеп үлгермеген әйелі бірінші қабаттағы дүкеннен жартылай фабрикатталған түшпараны әзірлеуде. Ол да ағымдағы жобалармен қатты жүктелген, сондықтан оның мақсаты балаларды тез тамақтандырып, үйді жинастырып, әйтеуір, ұйықтау. Тамақ ішуге ғана өз бөлмелерінен шығып, қайтадан өз аумақтарына қарай кетіп, виртуалды әлеммен табысатын балалар. Кешкі астан соң Арсен сүйікті диванына жатып, теледидарды қосады. Осы кезге жету үшін жалықтыратын күн өткені де шығар. Диван мен теледидар – Арсеннің басынан өтетін ең жағымды кезең, дәл осы кезді ол өмір деп атайды. Ертең не болады деген ой оның санасын сан рет шайқалтты, бірақ кешке қарай үйіне келіп, басқалардың өміріне қарап қызығып жатамын деген ойлар оның ойын жылытады. Саяхаттап жүрген, қызықты адамдармен, тұлғалармен танысып жүрген, өз бизнесін ашып, сол бизнесін, уақытын, ақшасын басқарып жүрген адамдарды қызықтайды. «Олар бақытты адамдар, олардың жолдары болған», - деп ойлайды Арсен...

Ол да солай өмір сүре алатындығы Арсеннің ойына кіріп те шықпайды. Ғаламшардағы басқа адамдар сияқты ол да тәулігіне 8 сағаттан 40 жыл бойы жұмыс істеуім керек деп ойлайды. Ол осының барлығын өзі емес, қоғам қойған бір ғана мақсатпен істейді – 63 жасында зейнетке шығу.

Бірақ статистика өзгермейді – зейнет жасына қарай 90 пайызы не қайтыс болады (әсіресе ер адамдар), не болмаса толықтай баз кешеді. Тек 9 пайызы ғана орташа деңгейде ешкімнің көмегінсіз өз-өзін қамтамасыз ете алады. Тек 1 пайызы ғана толықтай қамтылған. Қалай ойлайсыз, кедейлік пен тәуелділіктің теріс шеңберін бұзып шыққан 10 пайыз кімдер? Олар - өмірін өз уақытында басқаруды қолға алған адамдар. Өзіне және басқаларға деген жауапкершілікті алуға батылы жеткен. Басқа шешімдерге тәуелді болғысы келмегендер.

Білесіздер ме, өмірімнің бір бөлігінде мен де Арсендей өмір сүрдім. Бірнеше жерде жұмыс істедім, әр түрлі компанияларды көрдім. «Шығатын жол қайсы?» - деп сұрадым мен өзімнен. Сол кезде мектеп кезінен бері бизнес жасап, өзіме өзім жұмыс істеген күндерім есіме түсті, менің жұмысым маған ләззат, ақша әкелді, менің уақытымды босатты. Көптеген адамдар осы сөздерді оқи отырып, көк тиыным болмай тұрып, қалайша өз бизнесімді ашамын деген ойға келеді. Жауабы аздап пәлсападан тұрады,бірақ әсері бар: егер сіз қатты қалап, оның мүмкін екендігіне сенбейінше, сізден ешнәрсе шықпайды. Қалау - №1 қадам. Белгілер мен мүмкіндікті көре бастау - №2 қадам. Бүкіл әлем ғажап нәрсе жасайды және оны ғажапқа сенетін адамдарға ғана сыйлайды.

Бизнес – таңғажайып құбылыс. Ол мүмкіндікті іске асыратын жазық, сондықтан мен бизнеспен айналысамын. Мен достарыма бизнес-пікірлерімді айта бастасам, кейбір достарым: «Сенің есің дұрыс па, мұны кім сатып алады?» немесе «Бұл ойың іске аспайды» деп айтады. Бірақ олардың өз бизнестері болмай, осылай айтады.

Бірде мен ешнәрсеге сенбеуші достарыма төмендегі 4 сұраққа жауап беруін өтіндім:

Сіздердің табыстарың тәулігіне 24 сағат бойы түсіп жатыр ма? Менің достарым «Жоқ» деп жауап берді.

Өз уақыттарыңызды басқара аласыздар ма? Олар тағы да «Жоқ» деп жауап берді.

Табыстарыңды өздігінен басқара аласыңдар ма? Тағы да «Жоқ» деген жауап.

Осы жұмысты істей отырып, балаларыңа мирас қалдырасыңдар ма? «Жоқ».

Бизнесімнің арқасында мен кез келген сұраққа «Иә» деп жауап бере аламын.

жеке блог http://toskanbayev.kazamp.kz/

перевод Жанар Каралтаева https://vk.com/id221843371

#ToskanbayevArman #ТосканбаевАрман

#Казахстан #Kazakhstan

#Мотивация #Молодежь

#Бизнес #Business #Businesslife

#историяуспеха #successstory

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/essiz-emes-a-yldy-boly-yzdar-700216](https://yvision.kz/kk/post/essiz-emes-a-yldy-boly-yzdar-700216)