---
title: "Ескі альбом"
description: "Әттең, уақыт бізге бағынбайды. Оны қалаған кезде ұзартып, қаласақ қысқарта да алмаймыз. Зымырап өтед..."
author: "Roxanne_Ritchi"
published: "2019-02-18T10:03:14+00:00"
modified: "2019-02-18T10:03:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eski-albom-826582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eski-albom-826582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ескі альбом

> Әттең, уақыт бізге бағынбайды. Оны қалаған кезде ұзартып, қаласақ қысқарта да алмаймыз. Зымырап өтед...

Әттең, уақыт бізге бағынбайды. Оны қалаған кезде ұзартып, қаласақ қысқарта да алмаймыз. Зымырап өтеді де, шығады...

Үйдегі ескі альбомымды тауып алдым. Суреттердегі әрбір сәтті еске алдым сосын. Сенің суретіңді көрген кезде...жылы жымиып, бейнеңді көз алдыма елестеттім. Білесің бе, Сен менің жадымда тура суреттегі қалпыңдасын. Аппақ, тап-таза, сүп-сүйкімді, әзілкеш. Ммм...даусың қандай еді. Елітетін, ерітетін. Сол кезде сені мүлдем танымаппын ғой. Ғашық болғаным сонша – Сені көрсем, қызанақтай қызарып, сөйлесуге қымсынатын едім. Сен, тіпті басқалар біліп қоя ма, сезіп қоя ма деп қорқатынмын. Ғашық болу – ұят емес қой. Сол кезде батыл болғанымда ғой. Қандай балмұздақты ұнататыныңды, қандай жанрдағы фильмдерді жақсы көретініңді, шай ма, әлде кофе ме, қайсысын қалайтыныңды білетін едім. Қазір оның бәрі маған құпия. Қазір Сен ескі альбомда ғанасың. Сондағы суреттер – сағынышым ғана. Қызық, тағдыр сені кімге қосты екен?!

Ал, мен... Мен жаңа альбом бастадым. Киелі шаңырағымның ең тәтті сәттері бейнеленген суреттерді салу үшін...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eski-albom-826582](https://yvision.kz/kk/post/eski-albom-826582)