---
title: "Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді"
description: "А.ж. 29 қыркүйек күні Департаменттің басшысы Есіл ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Ғалым С..."
author: "finpolsko"
published: "2017-10-02T06:31:06+00:00"
modified: "2017-10-02T06:31:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/esil-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-tkizildi-780398"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/esil-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-tkizildi-780398/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді

> А.ж. 29 қыркүйек күні Департаменттің басшысы Есіл ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Ғалым С...

![Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/9VR2MuOjd7Xyu9kz2s2EjyB59b4aE9.jpg)

А.ж. 29 қыркүйек күні Департаменттің басшысы Есіл ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Бірінші институционалдық реформасының іске асыруы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басымдылық бағыты болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

Өткізілген кездесу барысында Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар Есіл ауданның тәртіптік комиссиясының жұмысына назар аударылды.

Кездесу соңында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына толық жауап қайтарды.

Департаментпен тұрақты түрде халық арасында және де мемлекеттік қызметшілер үшін белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/esil-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-tkizildi-780398](https://yvision.kz/kk/post/esil-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-tkizildi-780398)