---
title: "Есен Елеукен: «Ертіс толқыны» республикалық жайдарман фестивалі жоғарғы деңгейде өтті"
description: "24 маусым күні сағат 20.00 де Павлодар қаласының орталық жағажайында «Ертіс толқыны» республикалық ..."
author: "CRMI"
published: "2017-06-25T23:08:51+00:00"
modified: "2017-06-25T23:09:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/esen-eleuken-ertis-tol-yny-respublikaly-zhaydarman-festivali-zho-ar-y-de-geyde-tti-771293"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/esen-eleuken-ertis-tol-yny-respublikaly-zhaydarman-festivali-zho-ar-y-de-geyde-tti-771293/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Есен Елеукен: «Ертіс толқыны» республикалық жайдарман фестивалі жоғарғы деңгейде өтті

> 24 маусым күні сағат 20.00 де Павлодар қаласының орталық жағажайында «Ертіс толқыны» республикалық ...

24 маусым күні сағат 20.00 де Павлодар қаласының орталық жағажайында «Ертіс толқыны» республикалық жазғы жайдарман фестивалі өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ELu011HSa3HuXBrlc77m55IP5RSWvH.jpg)

Фестивальді Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқрамасы қолдауымен «Шығармашық жобалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9enHXejO9wSTipOTx3vXvSPn9G8xK6.jpg)

Оған КВН лигасының үздік 8 құрама командалары қатысты. Әділ қазылар қатарында белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Өтешев, Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен және тағы басқа да өнер өкілдері болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/a2mzecy6GwjZ4Jz7T3qtN3jmBKj7BC.jpg)

Нәтижесінде фестивальдің жеңімпазы болып Талдықорған қаласынан келген «Шапалақ» командасы ұтып алды. Екінші орынға "Жоғарғы лига құрамасы" (Орал қаласы) иеленді. Үшінші орынды Семей қаласының «Элемент» командасы алды. Ауа-райына қарамастан жағажайда кешке көп жастар фестивальді тамашалау үшін арнайы жиналып, командалар көрсеткен өнермен өз көңілдерін көтерді. Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен "Ертіс толқыны" жайдарман фестиваліне жоғары баға берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/esen-eleuken-ertis-tol-yny-respublikaly-zhaydarman-festivali-zho-ar-y-de-geyde-tti-771293](https://yvision.kz/kk/post/esen-eleuken-ertis-tol-yny-respublikaly-zhaydarman-festivali-zho-ar-y-de-geyde-tti-771293)