---
title: "Ертіске сыр"
description: "Ерке Ертіс, мен де сенің тамшыңмын, Ғұмыр қысқа, сабындай ғана қамшының. Табынып саған қарап тұрмы..."
author: "gulnur_kakimzhanova"
published: "2012-04-29T00:44:44+00:00"
modified: "2012-04-29T00:44:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertiske-syr-252400"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertiske-syr-252400/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертіске сыр

> Ерке Ертіс, мен де сенің тамшыңмын, Ғұмыр қысқа, сабындай ғана қамшының. Табынып саған қарап тұрмы...

** **

![Ертіске сыр](https://storage.yvision.kz/images/user/gulnur_kakimzhanova/XY19mpDP0NixK104Fy6r8rIy3XhgBo.jpg)

**Ерке Ертіс, мен де сенің тамшыңмын,**

**Ғұмыр қысқа, сабындай ғана қамшының.**

**Табынып саған қарап тұрмын тамсана, **

**Адасып жүрген оғынан сақта аңшының.**

** **

** **

**Ерке Ертіс, төгілді саған бар сырым,**

**Сенде қанша қазына жатыр жасырын.**

**Өзіңменен бөлісем деп ойымды**

**Жайлап басып жағаңа келдім ақырын.**

** **

** **

**Өзіңменен ақын тағдыр табысты,**

**Толқындарың ойларыммен қабысты.**

**Ағыстарың алға қарай ұмтылған**

**Зымыраған уақытпенен жарысты.**

** **

** **

**Ақын қыз ем, арман қуған ақмаңдай,**

**Тағдырымызда бір ұқсастық жатқандай.**

**Өр Алтайдан бастау алған бұлақ ең**

**«Мұхит» деген өмірден тұрақ тапқандай.**

** **

** **

**Осылайша мен өзіңмен сырластым,**

**Сен мәңгілік, ал мен мәңгі тұрмаспын.**

**Балалықтың базарынан аттанған**

**Жағаңдағы өрімталмен құрдаспын.**

**Гүлнұр Қуанышбекқызы **

** **

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertiske-syr-252400](https://yvision.kz/kk/post/ertiske-syr-252400)