---
title: "«Ертіс» командасы өз атағын қорғап қалудан үмітті"
description: "Әзірге керекулік хоккейшілердің аяқ алысы жақсы. Алғашқы кездесу 2:1 есебімен аяқталса, екінші м..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-09T21:23:21+00:00"
modified: "2014-04-09T21:23:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-komandasy-z-ata-yn-or-ap-aludan-mitti-409020"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-komandasy-z-ata-yn-or-ap-aludan-mitti-409020/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ертіс» командасы өз атағын қорғап қалудан үмітті

> Әзірге керекулік хоккейшілердің аяқ алысы жақсы. Алғашқы кездесу 2:1 есебімен аяқталса, екінші м...

[!\[«Ертіс» командасы өз атағын қорғап қалудан үмітті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/75505b88ea9e360c587f56225dfdb627_L-300x201.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/75505b88ea9e360c587f56225dfdb627_L.jpg)Әзірге керекулік хоккейшілердің аяқ алысы жақсы.

Алғашқы кездесу 2:1 есебімен аяқталса, екінші матч 5:4 нәтижесімен «Ертістің» пайдасына шешілді. Әсіресе, жанкүйерлер үшін тамаша ойын болды. Шайба алма-кезек 2 қақпадан табылып, соңында айдын иелері басымдық байқатты. Мартин Хьюс бір нәтижелі пас пен екі шайбаның авторы атанып, «Ертістің» жеңісіне өз үлесін қосты. «Арлан» хоккейшілері енді Көкшедегі қарымда ойында есе қайтаруға ұмтылады. Алайда көкшетаулық командаға қиын болары сөзсіз. Павлодардағы кездесуде қақпашы Евгений Царегородцев пен Яник Риндео ереже бұзып, келесі ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қарымта кездесулер 10-11 сәуірде өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertis-komandasy-z-ata-yn-or-ap-aludan-mitti-409020](https://yvision.kz/kk/post/ertis-komandasy-z-ata-yn-or-ap-aludan-mitti-409020)