---
title: "«Ертіс» футбол клубының презентациясы"
description: "Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Ертіс» футбол клубымен бірігіп футбол ойынының жанкүйер..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-11T08:16:50+00:00"
modified: "2016-03-11T08:16:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-futbol-klubyny-prezentaciyasy-683003"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-futbol-klubyny-prezentaciyasy-683003/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ертіс» футбол клубының презентациясы

> Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Ертіс» футбол клубымен бірігіп футбол ойынының жанкүйер...

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Ертіс» футбол клубымен бірігіп футбол ойынының жанкүйерлеріне кездесу ұйымдастырды. «Ертіс» футбол клубының 2016 жылғы құрамасының ойыншыларын таныстыру презентациясы жоғарғы деңгейде өтті.Кездесудің мақсаты «Ертіс» футбол командысының жаңа құрамымен таныстыру, болашақтағы командалық жоспарларымен бөлісу. Кездесуге толық құрамы, белгілі ойыншылары, команда жаттықтырушылары қатысты.

![«Ертіс» футбол клубының презентациясы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9YiWC9x30AvYvX1ThmJ3Iz57H8OZ86.jpg)

Облысымызда «Ертіс» футбол клубының жанкүйерлері өте көп. Сол жанкүйерлер арнайы дайындықпен келіп, өнерлерін көрсетті. Бақтияров Мадияр әннен шашу шашса, «Даймонд Павлодар» черлидинг тобы билерімен ерекшеленді. Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкері Бақытхан Оразбек ойыншыларға, көрермендерге арнайы арнауынан тарту етті.«Ертіс» футбол клубының директоры Игорь Елащук Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Садықова Айгүл Абылайханқызына осындай кездесу үшін ерекше алғыстарын білдіріп, команданың атынан естелік сыйлығын табыс етті.

![«Ертіс» футбол клубының презентациясы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/AFuHlUswpabSiw0zLL1qVANWA21Z53.jpg)

Кеш соныңда клуб капитаны Давид Лория мен бас бапкер Димитар Димитров келген жанкүйерлерге алғыстарын білдірді. Сөз соныңда «Ертіс» футбол клубы 13 наурыз күні орталық стадионда бірінші кездесуін Көкшетаулық «Оқжетпес» командасымен өткізетіндерін жеткізді. Павлодар қаласының жастары бұл ойынды асыға күтуде.

![«Ертіс» футбол клубының презентациясы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/DEmvR9Qge8DRa7P65Fh2sP1kABF4KR.jpg)

Қала жастары сүйікті ойыншыларымен естелік суретке түсіп, қолтаңба алуға мүмкіндік алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertis-futbol-klubyny-prezentaciyasy-683003](https://yvision.kz/kk/post/ertis-futbol-klubyny-prezentaciyasy-683003)