---
title: "Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды"
description: "«Болашақтың энергиясы». Бұл дөңгелек дүниенің назарын өзіне аударған Астана қаласының ұраны. ЭКСПО-н..."
author: "CRMI"
published: "2017-06-30T04:22:00+00:00"
modified: "2017-06-30T04:30:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-bayan-zhastary-expo-2017-k-rmesinen-erekshe-sermen-oraldy-771863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-bayan-zhastary-expo-2017-k-rmesinen-erekshe-sermen-oraldy-771863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды

> «Болашақтың энергиясы». Бұл дөңгелек дүниенің назарын өзіне аударған Астана қаласының ұраны. ЭКСПО-н...

«Болашақтың энергиясы». Бұл дөңгелек дүниенің назарын өзіне аударған Астана қаласының ұраны. ЭКСПО-ның әніне ән, сауығына сән қоспақ мақсата Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өңіріміздің дарынды жастары Қарағанды және Астана қаласына үшкіндік сапарға аттанды. «Табысты жастар қаласы» Форумы деп аталатын іс-шараға белсенді 50 студент естеліктеріктермен мен ерекше әсер іздеп Елордаға бағыт алды.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Zm73rZgjtSTConA0SBZBYJzsa52VPC.jpg)

ІТ-технологиялар байқауының, Стундентік көктем фестивелінің және түрлі байқаулардың жеңімпазадарынан құралған Павлодар облысының делегециясы алғашқы күні Қарағанды қаласы маңындағы «Березникик» шипажайына кеп тоқтады. Сутденттер үш топқа бөлініп, кураторлары тағайындалды. Ән-би жарыс, тіл сайысы, квест, семинар-тренинг, спорттық ойындармен өткен санаторийдағы екі күн бір сәтте өте шыққандай болды.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9oaiuOVE12693z0a24DbyG9ZV8B8hq.jpg)

Алғашқы күні стунденттер бір-бірлерімен жақын танысып, ЭКСПО тарихы жайлы деректі фильім көрсетіліп, әр топ жеке жеке оңашаланып алдағы жоспарларын талқылады. Екінші күн өте қарбалас болды. Таңғы жаттығудан басталған бұл күннің қызығын «EXPOwer» командасы жеңіске жеткен квест ойынымен жалғасын тапты. Түскі астан кейін командалар «Аудармашка» деп аталатын ойынға қатысты. Ол ойынның ережесі бойынша команадалар басқа тілде берілген әннің түпнұсқасын табуы керек болды.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/yBgY433RS1dU4o2x3y5dW7q5U79P55.jpg)

Ал бұл ойында «GREEN WORLD» командасының асығы алшысына түсті. Содан кейін қыздар жағы волейбол ойнаса, ұлдар футбол ойына қатысып, спортқа жақындары да марапатталды. Спорттық ойындардың жалғасы бассейнде жалғасты.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/NeYl7GH4QCvnp15dryA0G0PmYd514t.jpg)

Ал кешке барлық командалар екі күн бойы дайындаған «EXPO» тақырыбындағы жобаларын әзірледі. Барлық командалар ән мен биден шашу шашып, флешмоб ұйымдастырып, ғылыми жаңалықтарымен де бөлісті. Нәтижесінде «EXPOwer» командасы екі күнінің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/hnLEngfGxnjxDcIr7KQg05HBRdpVjE.jpg)

Ал, бұл қызықққа толы күндерден кейін барлығы асыға күткен EXPO-ның да кезегі келді. Автобустан түскен бетте таңданыстарын жасыра алмаған студенттер алып шарға қарай ұмтылды.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/xWxez1laaO3H5miAigs89Q9EeDG9S9.jpg)

Әсіресе 8 қаббаттан тұратын «НҰР Әлем» павильионы қатысушыларды ерекше әсерге бөледі. Студентер еліміздің баламалы энергия саласындағы жеткен жетістіктеріне куә болып, әр жылдардағы ЭКСПО тарихы жайлы мұражайды көздерімен көрді.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/5us38YeD24vzxjJ1qH59XNRe7du5m5.jpg)

Одан бөлек Германия, Жапония, Тайланд, Қытай, Рсеей, Түркия елдерінің павильондарыда таңданыс тудырмай қоймады. Форум қатысушылары арасындағы қытай, ағылшын және өзге тілдерді меңгергендері туристтермен сұхбататсып, Қазақстан жайлы пікірлерін білуді де ұмытқан жоқ.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Y5p76jpl8Tr5bES4A5Cnv33t4FROL5.jpg)

Үш күнге жалғасқан сапарда осылай аяғына жетті. Елімізде осындай ауқымды шараның өтіп жатқанына Кереку жастары да ерекше толғанып, патриоттық рухтары жанданып, еліне деген зор мақтаныш сезімімен қайтты. Студенттерінің көбісі ЭКСПО біткенше тағы да барғысы келетіндерін жеткізді.

![Ертіс-Баян жастары «EXPO-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/IeFo2gN53bU11jv8fBU5ggkmk9TzEl.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertis-bayan-zhastary-expo-2017-k-rmesinen-erekshe-sermen-oraldy-771863](https://yvision.kz/kk/post/ertis-bayan-zhastary-expo-2017-k-rmesinen-erekshe-sermen-oraldy-771863)