---
title: "«Ертіс» Қазақстан кубогінің ширек финалына өтті"
description: "Фото дереккөзі: minber.kz Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған тағы бір қ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-03T22:53:46+00:00"
modified: "2013-05-03T22:53:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-aza-stan-kubogini-shirek-finalyna-tti-351179"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertis-aza-stan-kubogini-shirek-finalyna-tti-351179/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ертіс» Қазақстан кубогінің ширек финалына өтті

> Фото дереккөзі: minber.kz Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған тағы бір қ...

[!\[«Ертіс» Қазақстан кубогінің ширек финалына өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/fea59bbf4fc53f11d8b9b03d78770b1f-300x202.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/fea59bbf4fc53f11d8b9b03d78770b1f.jpg) Фото дереккөзі: minber.kz

 

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған тағы бір құраманың аты белгілі болды, деп хабарлайды [24 KZ.](http://www.24.kz/index.php/company/litsa-kanala/item/%D0%B5rt%D1%96s-%D2%9Baza%D2%9Bstan-kubog%D1%96n%D1%96%D2%A3-shir%D0%B5k-%D1%84inalyna-%D3%A9tt%D1%96)

Павлодар қаласында қызылордалық «Қайсарды» қабылдаған жергілікті «Ертіс», 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы бөлімінде қос құрамада бірнеше жақсы мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгермеді. Алғашқы доп тек 56-минутта соғылды. Мергендігімен көзге түскен алаң иесі – Алтынбек Дәулетханов. Ал, ойын соңында Игор Юрин соққан доп есеп айырмасын еселей түсті. Жеңіске жеткен команда енді 19 маусымда өтетін ширек финалға қатысады. Ал, «Қайсар» жарыс жолынан шығып қалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertis-aza-stan-kubogini-shirek-finalyna-tti-351179](https://yvision.kz/kk/post/ertis-aza-stan-kubogini-shirek-finalyna-tti-351179)