---
title: "Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады"
description: "2023 жылдың 16 қарашасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша, үстімізд?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-08-09T06:45:29+00:00"
modified: "2024-08-09T06:45:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertenge-degen-senim-buginnen-bastalady-1006817"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ertenge-degen-senim-buginnen-bastalady-1006817/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады

> 2023 жылдың 16 қарашасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша, үстімізд?...

**2023 жылдың 16 қарашасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды.**

Бағдарлама аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы қазақстандық әр баланың жинақтаушы шотына қаржы аударылады. Қаражат мөлшері 18 жасқа дейінгі балаға теңдей бөлінбек. Балалар кәмелетке толған соң, шоттағы жинақты білімге немесе баспана сатып алуға жұмсайды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/5967228304df31e17d42c0c43e457f3f.jpg?width=1200&height=700) *Фотоколлаж Azattyq Rýhy*

2023 жылғы дерек бойынша, елімізде 18-ге толмаған бала саны 6,9 млн болған. Оларға $100,05 аударылған.

Астанада 442 502 бала бар. БЖЗҚ-ның мәліметінше, үстіміздегі жылы 18 346 баланың шотына 1 844 139 доллар түскен.

Бұл жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты қолдап, оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ білім алуға мүмкіндік беру.

Егер бала қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы шотта 10 жыл жатады. Кейін зейнетақы шотына аударылады.

Астана тұрғыны көпбалалы ана Айнұр Есіркепқызы: «Отбасында жалғыз отағасы жұмыс істейді. Қазір балалар кішкентай. Алайда ертең өскен соң, бәрін бірдей қалай оқытып, үй-жайын жасап береміз деп уайымдайтын едік. Қазір енді мемлекеттің арқасында оқулары үшін біршама қаржы жинақталып қалатын болды»,-деп өзінің ризашылығын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ertenge-degen-senim-buginnen-bastalady-1006817](https://yvision.kz/kk/post/ertenge-degen-senim-buginnen-bastalady-1006817)