---
title: "Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі..."
description: "2024 жылдың 3-6 маусым аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі. Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап,..."
author: "orazali"
published: "2024-06-02T05:47:37+00:00"
modified: "2024-06-02T06:00:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-ta-y-d-rligip-zh-rme-izder-or-anys-ministrligi-resmi-habarlama-taratty-1005218"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-ta-y-d-rligip-zh-rme-izder-or-anys-ministrligi-resmi-habarlama-taratty-1005218/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі...

> 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі. Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап,...

*2024 жылдың 3-6 маусымы аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c77694583444c29827d34ec3d9e572.jpg)

Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап, жұрттың дүрлігіп кететіні бар. Қорғаныс министрлігі соның алдын алу үшін ресми хабарлама таратып отыр.

"Осыған (жаттығуға - ред.) байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады. Осыған байланысты әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-ta-y-d-rligip-zh-rme-izder-or-anys-ministrligi-resmi-habarlama-taratty-1005218](https://yvision.kz/kk/post/erte-ta-y-d-rligip-zh-rme-izder-or-anys-ministrligi-resmi-habarlama-taratty-1005218)