---
title: "Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады"
description: "«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады. Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген: ✅ 13 мамыр -..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-12T07:36:42+00:00"
modified: "2024-05-12T07:36:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-nen-bastap-shymb-la-ta-aspaly-zholdar-zhabylady-1004509"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-nen-bastap-shymb-la-ta-aspaly-zholdar-zhabylady-1004509/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады

> «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады. Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген: ✅ 13 мамыр -...

*«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/62d1b5783271f0c860ae19729f254f.jpg)

Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген:

✅ 13 мамыр - 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады ✅ 13-31 мамыр аралығында - «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады ✅ ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейді

12 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. “Медеу-Шымбұлақ” автожолы дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ге дейін және 18:00-ден кейін ашық болады. Жексенбі күні шектеусіз жұмыс істейді.

Туристердің жаяу жорықтарына шектеу жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-nen-bastap-shymb-la-ta-aspaly-zholdar-zhabylady-1004509](https://yvision.kz/kk/post/erte-nen-bastap-shymb-la-ta-aspaly-zholdar-zhabylady-1004509)