---
title: "\"Ертең мейрам, ертең той!\" Елімізде сегіз жаңа кәсіби..."
description: "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына..."
author: "orazali"
published: "2024-04-10T13:24:31+00:00"
modified: "2024-04-10T13:24:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-meyram-erte-toy-elimizde-segiz-zha-a-k-sibi-mereke-payda-bolady-1003232"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-meyram-erte-toy-elimizde-segiz-zha-a-k-sibi-mereke-payda-bolady-1003232/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Ертең мейрам, ертең той!" Елімізде сегіз жаңа кәсіби...

> ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына...

*ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0a26af1a3e4c700f67590b31efa203.jpg)

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-meyram-erte-toy-elimizde-segiz-zha-a-k-sibi-mereke-payda-bolady-1003232](https://yvision.kz/kk/post/erte-meyram-erte-toy-elimizde-segiz-zha-a-k-sibi-mereke-payda-bolady-1003232)