---
title: "Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды"
description: "15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің..."
author: "orazali"
published: "2024-05-14T10:32:10+00:00"
modified: "2024-05-14T10:45:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-keshke-deyin-teleradio-habarlary-taratylmaydy-1004611"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-keshke-deyin-teleradio-habarlary-taratylmaydy-1004611/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды

> 15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің...

*15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ef97cb28620cab8fe76de430882e22.jpg)

*Фото: Kazpravda.kz*

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Соған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-keshke-deyin-teleradio-habarlary-taratylmaydy-1004611](https://yvision.kz/kk/post/erte-keshke-deyin-teleradio-habarlary-taratylmaydy-1004611)