---
title: "Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды"
description: "Ертең, яғни 8 тамыз күнінен бастап футболдан Ағылшын Премьер Лигасы басталады. Әлемдегі ең тартысты ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-06T22:17:48+00:00"
modified: "2015-08-06T22:17:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-kazsport-a-ylshyn-premer-ligasyny-zha-a-mausymyn-k-rsetudi-bastaydy-527553"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-kazsport-a-ylshyn-premer-ligasyny-zha-a-mausymyn-k-rsetudi-bastaydy-527553/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды

> Ертең, яғни 8 тамыз күнінен бастап футболдан Ағылшын Премьер Лигасы басталады. Әлемдегі ең тартысты ...

Ертең, яғни 8 тамыз күнінен бастап футболдан Ағылшын Премьер Лигасы басталады. Әлемдегі ең тартысты чемпионаттың ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

![Ертең «KAZsport» Ағылшын Премьер Лигасының жаңа маусымын көрсетуді бастайды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/xXCec70FW1Q1CZM1opqoKZ09ypS1xZ.jpg)

Биылғы маусым 2015 жылдың 8 тамызында басталып, 2016 жылдың 15 мамырында аяқталады. Чемпиондық атақ үшін 20 команда таласады. Оның үшеуі АПЛ-ға төменгі дивизионнан қосылған жаңа команда, яғни «Борнмут», «Уотфорд» және «Норвич Сити».

2015/16 маусымда Премьер Лигада Лондоннан 5, Ливерпуль мен Манчестерден екі клуб сынға түседі. Сонымен қатар, чемпионатта уэльстік «Суонси Сити» бақ сынайды.

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні сағат 17:00-де «KAZsport» телеарнасы маусым алдындағы АПЛ-ға шолуды көрсетеді. Ал, сағат 17:30-да тікелей эфирде «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» арасындағы ойынды тікелей эфирде көре аласыздар.

Сонымен қатар, телеарнадан 9 тамыз күні сағат 20:50-де «Сток сити» - «Ливерпуль» матчын тікелей эфирде көрсетіледі.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

7 тамыз 17:30. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Манчестер Юнайтед» - «Тоттенхэм». Тікелей эфир

8 тамыз 08:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Борнмут» - «Астон Вилла» 10:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Эвертон» - «Уотфорд» 12:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Норвич Сити» - «Кристал Пэлас» 14:20. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Челси» - «Суонси Сити» 20:50. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Сток сити» - «Ливерпуль». Тікелей эфир 23:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Арсенал» - «Вест Хэм Юнайтед» 01:00. ФУТБОЛ. Ағылшын Премьер-лигасы. «Ньюкасл» - «Саутгемптон»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-kazsport-a-ylshyn-premer-ligasyny-zha-a-mausymyn-k-rsetudi-bastaydy-527553](https://yvision.kz/kk/post/erte-kazsport-a-ylshyn-premer-ligasyny-zha-a-mausymyn-k-rsetudi-bastaydy-527553)