---
title: "Ертең Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Ертең, 6 қыркүейек күні (6-нан 7-не қараған түн) футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 ірікт..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-05T01:40:14+00:00"
modified: "2015-09-05T01:40:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-536433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-536433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

> Ертең, 6 қыркүейек күні (6-нан 7-не қараған түн) футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 ірікт...

Ертең, 6 қыркүейек күні (6-нан 7-не қараған түн) футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия командасымен кездеседі.

![Ертең Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/xaqv14y8h1SRO9yMFam7j7vIzMOLD5.jpg)

Өткен турда Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехиядан 2:1 есебімен ұтылса, Исландия құрамасы Нидерланд командасын 1:0 есебімен ұтқан. 7-турдан соң Ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен топ соңында келсе, Исландия 18 ұпаймен көш бастап келеді.

Айта кетейік, сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (6-нан 7-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-536433](https://yvision.kz/kk/post/erte-islandiya-aza-stan-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-536433)