---
title: "Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Ертең, 13-нен 14-не қараған түні, Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Латвия-Қазақста..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-11T23:28:53+00:00"
modified: "2015-10-11T23:28:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577691"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577691/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

> Ертең, 13-нен 14-не қараған түні, Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Латвия-Қазақста...

Ертең, 13-нен 14-не қараған түні, Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

![Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/8dqGMJRyZVzJ312fGB3ebVkK35DrYN.jpg)

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі болып шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577691](https://yvision.kz/kk/post/erte-aza-stan-ltty-telearnasy-latviya-aza-stan-matchyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-577691)