---
title: "Ертең қасиетті Құрбан айт басталады"
description: "Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсыл..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-22T22:28:44+00:00"
modified: "2015-09-22T22:28:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-asietti-rban-ayt-bastalady-545759"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erte-asietti-rban-ayt-bastalady-545759/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ертең қасиетті Құрбан айт басталады

> Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсыл...

Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.

![Ертең қасиетті Құрбан айт басталады](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/C8c24PjDJ99OdtOeA69ZX9l16z9Uy2.png)

Ертең күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт басталады. Құрбан араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл - лайықты, ізгі іс жасау арқылы Жаратқанға жақындау.

Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - Құдайға құлшылық ниетпен, ереже шарттарын ескере отырып, мал шалу.

Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет.

Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Сойылған малдың еті жақын-жуықтарға, мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері көпшілік бір-бірінің үйіне бас сұғып, айттайды, көптен көрмеген туыстарымен қауышып, науқастардың қал-жағдайын сұрайды. Дүниеден өткен жандарға Құран бағыштап, Жарылқау тілейді.

Мұның барлығы мұсылманша мерекелеу мәдениетінің ерекшелігін білдіреді. Толығырақ [«Таңшолпанда»](http://itube.kaztrk.kz/tankaz/).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erte-asietti-rban-ayt-bastalady-545759](https://yvision.kz/kk/post/erte-asietti-rban-ayt-bastalady-545759)