---
title: "Ерліктеріңіз мәңгі ел есінде!"
description: "Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері ешқашан назардан тыс қалған емес. Осыған байланысты, 9 мамыр Ұл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-06T00:52:14+00:00"
modified: "2016-05-06T00:52:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erlikteri-iz-m-gi-el-esinde-692171"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erlikteri-iz-m-gi-el-esinde-692171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ерліктеріңіз мәңгі ел есінде!

> Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері ешқашан назардан тыс қалған емес. Осыған байланысты, 9 мамыр Ұл...

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері ешқашан назардан тыс қалған емес. Осыған байланысты, 9 мамыр Ұлы жеңістің 71 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин Шыңғырлау ауданына жұмыс сапары барысында, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Игильманов Сүйеу және Андрей Йософович Рудьтің үйлеріне барып құттықтаса, Департамент басшысының орынбасарлары А.С.Жұбаныш және Ж.М.Мұратов Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ермекова Қаламсия және Скаленко Вениамин Пантелеевичті келе жатырған мерекелерімен құттықтады.

Департамент басшылығы ардагерлердің бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріне алғыс айтып, оларға бүгінгі ұрпақ келешек ұрпақ үшін жанын пида еткендерді әрдайым жадында ұстайтындығына сенім білдіріп, дендеріне саулық және ұзақ өмір тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erlikteri-iz-m-gi-el-esinde-692171](https://yvision.kz/kk/post/erlikteri-iz-m-gi-el-esinde-692171)