---
title: "«Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы"
description: "2017 жылдың 17 қазан күні «Жас Отан» жастар қанаты БҚОФ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз мемле..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-17T23:51:24+00:00"
modified: "2017-10-17T23:51:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkin-pikir-diskussiyaly-klubyny-kezekti-otyrysy-782049"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkin-pikir-diskussiyaly-klubyny-kezekti-otyrysy-782049/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы

> 2017 жылдың 17 қазан күні «Жас Отан» жастар қанаты БҚОФ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз мемле...

2017 жылдың 17 қазан күні «Жас Отан» жастар қанаты БҚОФ ұйымдастыруымен **«Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – өркендеуші мемлекет»** тақырыбында «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы оздырылды.

Жасотандықтардың алдында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б. Хайрулиин, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ партия инспекторы М. Мұқашев сөз сөйледі.

Жиын қонақтары қатысушыларға еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы менсыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарламаларын түсіндірді.

Қоғамда қабылданып жатырған бағдарламалық құжаттардың ішінде сыбайлас жемқорлық мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2014 жылы қабылданған ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты бағыттарының біріне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру барысына жүргізілген талдау нәтижесі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруөскелең ұрпақ алдындағы маңызды қадам. Осы мақсатты мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, ал университеттерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты элективті пән енгізілді.

Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erkin-pikir-diskussiyaly-klubyny-kezekti-otyrysy-782049](https://yvision.kz/kk/post/erkin-pikir-diskussiyaly-klubyny-kezekti-otyrysy-782049)