---
title: "Еркін күрестен Дүйсен Смайловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті"
description: "Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-24T23:51:22+00:00"
modified: "2015-06-24T23:51:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkin-k-resten-d-ysen-smaylovty-eske-alu-a-arnal-an-respublikaly-turnir-tti-516365"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkin-k-resten-d-ysen-smaylovty-eske-alu-a-arnal-an-respublikaly-turnir-tti-516365/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еркін күрестен Дүйсен Смайловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті

> Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске...

# [!\[Еркін күрестен Дүйсен Смайловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150625021534-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/06/20150625021534.jpg)

Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алуға арналған еркін күрестен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 11 команда, 200-ге жуық спортшы бақ сынады.

Жарыстың мақсаты — КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алу, жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде Бекнұр Тойғазы (Қызылорда обл.), 46 келіде Исламбек Хаджимид (ОҚО), 50 келіде Асыл Айтақын (Алматы обл.), 54 келіде Санжар Досжанов (Алматы обл.), 58 келіде Азамат Бәкірат (ОҚО), 63 келіде Елдар Жолболсын (Алматы обл.), 69 келіде Мұратбек Мажитов (Ақтөбе обл.), 76 келіде Нұрасыл Жеткерген (Қызылорда обл.), 85 келіде Қайсар Тұрбергенов (Алматы обл.), 100 келіде Самат Тәжі (Қызылорда обл.) жеңімпаз атанды.

Қыздар арасында 30 келі салмақ дәрежесінде Балжан Амангелді (Қызылорда обл.), 34 келіде Радмира Генг (ОҚО), 40 келіде Айша Каппар (Қызылорда обл.), 46 келіде Зина Кыстаубаева (Қызылорда обл.), 52 келіде Жансая Сайдуллаева (СҚО), 60 келіде Гүлсезім Бухабаева (Ақтөбе), +65 келіде Виктория Колобылина (СҚО) жеңіс тұғырынан көрінді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erkin-k-resten-d-ysen-smaylovty-eske-alu-a-arnal-an-respublikaly-turnir-tti-516365](https://yvision.kz/kk/post/erkin-k-resten-d-ysen-smaylovty-eske-alu-a-arnal-an-respublikaly-turnir-tti-516365)