---
title: "Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас"
description: "Кеше (қазанның 14-де) Қайрат Нұртас астаналықтарға қатарынан екі концерт ұсынды. Концерт Конгресс-хо..."
author: "tosico"
published: "2014-10-14T15:31:52+00:00"
modified: "2014-10-20T01:05:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkelep-elge-n-arnady-ayrat-n-rtas-428360"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erkelep-elge-n-arnady-ayrat-n-rtas-428360/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас

> Кеше (қазанның 14-де) Қайрат Нұртас астаналықтарға қатарынан екі концерт ұсынды. Концерт Конгресс-хо...

Кеше (қазанның 14-де) Қайрат Нұртас астаналықтарға қатарынан екі концерт ұсынды. Концерт Конгресс-холл залында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл концерт 3D show форматымен ерекшеленеді. Концерт уақытылы сағат 20:30 басталды.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/77zE1JpLyrMKM4YFKfFmZULHudh40H.jpg)

Концерт барысында халықтың сүйсіне тындайтын әндердің көбісі орындалды. Олардың ішінде "Ол сен емес", "Әй, қарындас", "Ауырады жүрек", "Мейлі", "Өкініш" тағы басқалары.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/v7B4cG22GYKXCAoQO2D09FzAO5qGk2.jpg)

"Еркелеп елге ән арнай ..." концертінің арнайы қонақтарының қатарында Жанар Дұғалова, Бүркіт, "Нұрмұқасан" дуэті, КешYou тобы және Сиви Махмуди сияқты жарық жұлдыздар болды.

"Нұрмұқасан" дуэті "Ақ қайын" атты әнді орындады. Өздерін көптен бері көрмей, естімеген едім.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/3d1tZwlFr1OfRb93o8vXPU508uPDB3.jpg)

Жігіттердің дауыстарын сағынған екенмін. Мұқасанның ақ костюм-шалбар киіп, сықиып тұрғанына мәз болдым.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/LjcU031Sntb0uY42jD3Emv3wj9Tysq.jpg)

*"Ана, мәңгі дос сен ғана"*

Қайрат сонымен қатар "Ана туралы" әнді ақ жаулықты аналарға арнады. Әнді орындамас бұрын: "Ана деген сөзде қаншама мейірім, қаншама жылу бар. Кейде Қайрат Нұртас мамасының баласы деген мысқыл сөздерді естіп жүрем, бірақ, мен ғана емес, бәріміз сол анадан туылған жоқпыз ба?! Қандайда да болсаң, сені жақсы көретін ана ғана. Кім, не десе де мен үшін қиын соқпақтардан өтіп, өзінің ғана емес, елдің, халықтың ұлы еткен анама әрқашан басымды иемін", - деді. Сөйтіп, әннің орындалуы барысында үлкен экрандарға өнерге еңбектері сіңген әйел әртістердің фотосуреттері шықты. Олардың қатарында Бибігүл Төлегенова да бар.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/fz7UZ1KDHuo1AO8hjTO18ukFmsGrTP.jpg)

Естеріңізде болса, осыдан бір-екі апта бұрын желіде Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты әнші ретінде мойындамайды деген мақалалар жүрді. Концерт аяқталғаннан кейін кейбір көрермендерден қысқаша сұхбат алдым. Бір ересек адам осы жайт туралы қызық ой білдірді. Оның айтуы бойынша Бибігүл Төлегенова не айтса да жарасады, бірақ, дегенмен қазақ эстрадасының бұлбұл әншісі Қайраттың шығармашылығымен таныс емес шығар, не болмаса біреу оған бұны айтқызып отыр деп тұжырымдады. Қалай десек те, ақыр-соңы пиар болды, деп тәмамдады.

Келесі орындалған ән "Кешір, Алла" болды. Одан кейін жанды дауыста "Ол сен емес" айтылды.

Сахнаға жаңа құрамда жаңа әнмен КешYou тобы шықты. Интсаграмға рахмет, қыздардың осы концертке қатысатындарын содан білдім, содан жетіп бардым Конгресс-холдың алдына.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/D5eZj7yp9nhZtnP1T4DNjLQj3mOp50.jpg)

Топтың жаңа мүшесі - Жұлдыз Өмірғали, жаңа ән - "Келші жаныма". Жалпы, маған КешYou тобының шығармашылығы ұнайды. Одан бұрын қыздардың көрікті келбеттері, сыпайлылықтары, қазақшылықтары жағады.

Айданаға "қарай бергім келеді, қарай бергім" :)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/qYtemAlv2SOwuiO4ltoCL94w09L8Fr.jpg)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/f45OMcoQhk9Yc8BLXNZnR1Qh9BhJbq.jpg)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/gwl4pEBXbqP58cO5nxWm053DW2K8XK.jpg)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/NIIB4ZrD36qJ9F19GsG4ZsA4Hw5naG.jpg)

Кәмшатқа да сүйсінемін. Актерлік шеберлігіне тамсанамын.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/bq99maQmH4lAN0ElL8D20vQ8K7x36d.jpg)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/PSjuiILCUM2VZ51T7WmKBtiv7XR0aM.jpg)

Жұлдызды әзірше жөнді танымаймын, сол себепті орынды ештеңе айта алмаймын.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/M8P0Y6CZfvF54F5CM7oVZ06fnA3lId.jpg)

Қайратқа оралайық.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/0y03cuR8GSaSUks4DYZx5U1q5a2pgE.jpg)

Қайрат концертте жаңадан бір-екі ән орындады. "Аңсайды жаным" ... өткеннің бәрін деген ән қатты ұнады.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/O4iOa6kDm8eTx44iDWUpw515bfvWO5.jpg)

Бүркітпен "Әй, қарындас" деп өлеңдетті.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/pplgGTe1jkIeZDu43hn3wDdOdF23Bw.jpg)

Онымен қоса Бүркіт өзі "Бәрі жақсы болады" деп залды көндіртті. Рахмет.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/YTB0sUppptCyZAlhg0u0D1XOl6RL88.jpg)

Айтпақшы көрермендер оны жақсы қарсы алды. ШәӘпалақтап болмады.

Мына фотосуретте Қайрат көрермендермен бірге "Ауырмайды жүрек, ауырмайды" - деп, ән салды.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/8pQ7VfIbNCvOJ73WHXM2mq6dzr2el9.jpg)

Залға көп шықты. Кемпірлер мәз болды. Жас келіншектер гүл сыйлады. Ара-арасында былш-былш сүйістер болды.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/lIj097Ct2nKWNXinQ8zOg4GozYEcFJ.jpg)

Оған кейбіреулер қарсы болмады - няшка болды.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/qz1FiBy556wz17ffMuIdZsGf3tk27q.jpg)

Қайрекең бишілермен "зажигать" етіп бақты.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/t0AhehwGvjyv9NRoJTt0zDK9vwc2cl.jpg)

Прайм плазадағы оқиғадан кейін сахнаны сағынам деп те сойледі.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/1YH3TCvGGpdm5P91wZhXZgG35kG196.jpg)

Содан, "Бәрін кештім" деді.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/9PWPs2Ugt4eLRw7o2176aKQ7y6vrNN.jpg)

3D show осылай өтті.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/N9kF7T0bErB3EG6uZicAs5wp3w7tta.jpg)

Жаңа әндердің бірі Жанар Дұғаловамен дуэтте орындалған "Сен мені түсінбедің". Екеуінің дауыстары жарасады екен. Тамаша дуэт шықты.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/XjCi4fBfFEN7Gz48VcOHyT6qk53S7r.jpg)

Бұл дуэт көпшілікке тосын сый болды.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/MBmV7NWgIR3pk72JiMvxEitdwyxa1l.jpg)

Жанар Дұғалованы ақырғы рет Адаммен "Астана Жұлдызында" көрген едім. Содан көп ұзамай КешYou-ден кетіп қалды. Мен болсам теледидар көрмеймін, бірақ 7 арнада Ақкенже Әлімжанмен шоу жүргізетінін білемін. Жаңа бейнеклипі тезірек шықса. Тамара Асар инстаграмда айтып еді Жанар өзіне хит ән жазды деп, күтіп жүрміз.

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/itLZ6Iy5et2i6SUVgYQaQ44oO07TUy.jpg)

![Еркелеп елге ән арнады Қайрат Нұртас](https://storage.yvision.kz/images/user/tosico/ljjlnW77z5552zwsGJRC2eqSW0HeQm.jpg)

Концерт Қайраттың "Қазақстаным" әнімен аяқталды. Концерт толықтай жанды дауыста өтпесе де көрермендердің көңілінен шықты. Еркелеп елге ән арнағаны ғой.

Кейбір жанкүйерлер сахнаға Қайраттың анасы да шығады деп күтіпті. Ол кісінің концертке қатыспағаны дұрыс болмапты.

Бірі: "Қайрат - қазақстандық шоубизнестің феномені" десе, басқа біреу: "Осы іспеттес концерттік шоу Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр", - дейді. Байқап отырсақ көп заттың бастаушысы Қайрат екен. Бастамалары ешқашан бітпесін, шығармашылығы өркендей берсін, дені сау болсын, шабыты аяқталмасын деп тілек білдіремін.

Жұмыстағы директорыма ерегесіп барған едім осы концертке. Ол болса әрдайым қазақтарды кемсітеді де жүреді. "Как можно этого колхозника слушать - я не могу понять?!"- деп, қанымды ішуші еді. Міне саған, понимать ет!

Әпкем айтпақшы, кім не десе де Қайрат - молодец!!! Жарайсың!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erkelep-elge-n-arnady-ayrat-n-rtas-428360](https://yvision.kz/kk/post/erkelep-elge-n-arnady-ayrat-n-rtas-428360)