---
title: "Ерікті болу — жан қалауы"
description: "Jas Otan Жастар қанатының белсенділері «Ерікті болу — жан қалауы» тақырыбында қаламыздың колледждері..."
author: "ekibastuz.nurotan.kz"
published: "2020-11-26T17:17:47+00:00"
modified: "2020-11-26T17:17:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erikti-bolu-zhan-alauy-880284"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erikti-bolu-zhan-alauy-880284/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ерікті болу — жан қалауы

> Jas Otan Жастар қанатының белсенділері «Ерікті болу — жан қалауы» тақырыбында қаламыздың колледждері...

Jas Otan Жастар қанатының белсенділері «Ерікті болу — жан қалауы» тақырыбында қаламыздың колледждері студенттердінің қатысуымен онлайн семинар өткізді. Жас партияластар еріктілер жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық жобалар туралы әңгімеледі.

— Ерікті болу — жұмыс емес, жан қалауы екенін ұмытпағанымыз жөн, — деді Егяна Рустамова. — Ең бастысы, өзгеге көмек беруді, пайдалы болуды ойлау керек. Бізде еріктілер тобы өте жақсы жұмыс істейді және мен оның құрамында болғанымды мақтан етемін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erikti-bolu-zhan-alauy-880284](https://yvision.kz/kk/post/erikti-bolu-zhan-alauy-880284)