---
title: "Ережесіз жекпе-жек: Шахмарал Жетпісов Джефф Монсонды сұлатып салды"
description: "Қазақстандық Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жекті..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-24T04:45:42+00:00"
modified: "2014-03-24T04:45:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erezhesiz-zhekpe-zhek-shahmaral-zhetpisov-dzheff-monsondy-s-latyp-saldy-406522"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erezhesiz-zhekpe-zhek-shahmaral-zhetpisov-dzheff-monsondy-s-latyp-saldy-406522/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ережесіз жекпе-жек: Шахмарал Жетпісов Джефф Монсонды сұлатып салды

> Қазақстандық Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жекті...

[!\[Шахмарал Жетпісов\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140323071031-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140323071031.jpg)

Қазақстандық Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жектің басты жарыстарының бірі -«Diamond Fight -Достық» турнирінде АҚШ-тың әйгілі спортшысы Джефф Мон­соннан басым түсті.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі кездесу үшінші раундта Жетпісовтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз 43 жастағы америкалық спортшыны нокаутқа жіберді. Бұл Шахмаралдың 5 кездесуіндегі үшінші жеңісі, ал Монсонның 68 кездесуіндегі 16-ыншы жеңілісі.

«Достық» турнирі дәстүрлі түрде өтетін және елдер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бәсеке, деп хабарлайды Vesti.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erezhesiz-zhekpe-zhek-shahmaral-zhetpisov-dzheff-monsondy-s-latyp-saldy-406522](https://yvision.kz/kk/post/erezhesiz-zhekpe-zhek-shahmaral-zhetpisov-dzheff-monsondy-s-latyp-saldy-406522)