---
title: "Ерекше адам Ник Вуйчичтің афоризмдері қазақша сөйлейді"
description: "Тумысынан тетраамелии синдромына (туылғаннан қол-аяғы жоқ, өте сирек кездесетін аурудың бірі) шалдық..."
author: "make84"
published: "2015-08-04T01:02:49+00:00"
modified: "2015-08-04T01:02:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/erekshe-adam-nik-vuychichti-aforizmderi-aza-sha-s-yleydi-526658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/erekshe-adam-nik-vuychichti-aforizmderi-aza-sha-s-yleydi-526658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ерекше адам Ник Вуйчичтің афоризмдері қазақша сөйлейді

> Тумысынан тетраамелии синдромына (туылғаннан қол-аяғы жоқ, өте сирек кездесетін аурудың бірі) шалдық...

Тумысынан тетраамелии синдромына (туылғаннан қол-аяғы жоқ, өте сирек кездесетін аурудың бірі) шалдыққан Автралия елінде туылған ұлты серб Ник Вуйчич бүгінде әлем жұртшылығын өзінің сабырлылығы мен өзін Жаратқанның сынағына төзе алған қайраттылығымен таң қалдырған ерекше адам. Сонымен қатар бүгінде өзінің талантты мотивациялық ораторлығымен және христиандық- протестантық уағыздаушы ретінде ел арасында насихат-үгіт жұмыстарымен айналысатыны да шын құрметке лайық.

 

Өзінің физикалық кемшілігіне қарамастан, Ник сәби ретінде дені сау бала болып дүниеге келген. Ата-анасы баласына үнемі қолдау көрсетіп, австралиялық Виктория штатының мүгедектер туралы заңына өзгертулер енгізген кезде Никтің жай орта мектепте білім алуын талап етеді. Тіпті 9 жасында жанындағы адамдарды қинағанын сезініп, өз өмірімен қоштаспақшы да болады. Осы іс-әрекетінің қателік екенін ұққанын Ник Вуйчич кейінгі 1999 жылдан бастап, шіркеулік топтың алдында сөз сөйлеп, кейіннен "Аяқ-қолсы өмір" атты коммерциялық емес ұйымды ашып, Құдай сөзін насихаттаушы ретінде әлемге таныла бастады.

 

2010 жылы Ник Вуйчич "Шексіз өмір: " — книга «Жизнь без границ: Бақытты өмірге бастайтын жол" атты кітабын жарыққа шығарады. Сол кітаптағы атақты афоризмдерді қазақ тілінде сөйлетіп көруге тырыстым.

 

1. Станьте другом, когда вам нужны друзья. Дарите надежду, когда сами нуждаетесь в ***ней.***

***Достарыңызға керек кезде дос болып қалуға тырысыңыз. Бір нәрсеге үміттенгіңіз келсе, жаныңыздағы адамдарға үміт сыйлауды үйреніңіз.***

 

2.Если никто не открывает, стучите сразу в несколько дверей.

***Егер есікті қаққан кезде ешкім ашпаса, бірнеше есіктерді қағып көріңіз.***

 

3.Все мы можем найти друг в друге что-то плохое или несовершенное. Но я предпочитаю искать крупицы золота.

***Біз бір-бірімізден жамандық пен ойға қонымсыз нәрселерді іздеп тұрамыз. Бірақ мен сабан ішінен ине іздегендей жақсылық іздегім келеді.***

4. Ведите себя так, чтобы собственные поступки вас вдохновляли и воодушевляли.

***Ж******асаған іс-әрекеттеріңіз тамсандыратындай және шабыттандыратындай етіп*** ***өзіңізді*** ***ұстауға тырысыңыз.***

5. Мы не должны жить в ожидании того, что счастье наступит, когда мы добьемся цели или приобретем какую-то вещь. Счастье должно быть с нами постоянно, а чтобы добиться этого, нужно жить в гармонии — духовной, психологической, эмоциональной и физической.

***Біз бір мақсатқа жеткен сәтте бақытымыз осы-ау деп үмітпен өмір сүрмеуiмiз керек. Бақыт бізбен үнемі бірге болуы тиіс, ал оған жету үшін адамдар рухани, психологиялық, эмоционалды және физикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.***

6. Вы должны понять, что сразу получить ответы порой невозможно.

***Кейде барлық сұрақтарға бірден жауап алудың өзі мүмкін емес.***

7. Когда вы не готовы принять себя, то еще меньше готовы принять других людей.

***Егер сіз өзіңізді осы қалпыңызда қабылдай алмасаңыз, онда басқаларды қабылдауыңыз тым қиындау болады.***

8. В мире много проблем, которые меня не коснулись. Я уверен, что моя жизнь в тысячу раз легче, чем жизнь многих людей.

***Әлемде мені мазаламаған көптеген мәселелер бар. Алайда менің өмірім басқа адамдардың өмірінен мың есе жеңіл екеніне сенімдімін.***

9. Я очень рано усвоил, что просить о помощи можно и нужно. Нормальное у вас тело или нет, но есть вещи, с которыми невозможно справиться в одиночку.

***Мен ертеректен жанымдағы адамдардан көмек қолын сұрау және қажет екенін ұғып өстім. Сіздің он екі мүшеңіз сау болып тұрса да, жалғыз өзіңіздің шамаңыз келмейтін шаруалар да бар екенін ұмытпаңыз.***

10. Попробуйте заглянуть в конец собственной жизни, а потом начните жить так, чтобы, оказавшись в этой точке, ни о чем не сожалеть.

***Өміріңiздің соңғы сәтін елестетіп, қиялмен көз жүгіртіңiз! Ал кейіннен сол ғұмырыңыздың соңғы нүктесіне жеткенде өкінбейтiндей өмір сүруге талпынып көріңіз.***

11. Любви нет дела до того, что ты можешь и чего не можешь, кем являешься и кем не можешь быть. Истинная любовь смотрит прямо в сердце!

***Махаббат сенің не істей алатының мен не істей алмайтыныңа, кім болғаныңа және кім бола алатыныңа қарамайды. Шынайы махаббат жүрегіңе тура қарайды.***

12. Столкнувшись с любыми трудностями, находи в них чистую радость.

***Қандай да бір қиындыққа тап болғанда, тек жақсы жақтарын көруге тырысыңыз.***

13. Считайте отношение к миру пультом дистанционного управления. Если программа, которую вы смотрите, вам не нравится, вы просто хватаете пульт и переключаете телевизор на другую программу. Так же и с отношением к жизни: когда вы недовольны результатом, измените подход, вне зависимости от того, с какой проблемой вы столкнулись.

***Өмірге деген көзқарасыңыз басқару пульті сияқты болуы керек. Егер де көріп отырған бағдарлама сізге ұнамаса, пультті ұстап келесі бағдарламаға ауыстырсаңыз жетіп жатыр. Өмірде де дәл солай: сіз нәтижеге риза болмаған уақытта, қандай қиындықпен кездескеніңізге қарамастан тәсілді өзгертуге тырысып көріңіз.***

14. Те, кто считает себя неудачником, — это люди, не понимающие, насколько близко к успеху находились, когда сложили руки и сдались.

***Өзін жолы болмайтын адам ретінде сезінгендер, қол қусырып, берілген сәтте табысқа жетуге аз ғана қадам қалғанын да түсінбейді***.

15. Идеальная внешность ничего не значит, если душа разбита.

***Жаның жаралы болса, әдемі келбетіңнен не пайда.***

16. Вовсе не обязательно затевать грандиозные проекты, чтобы сеять добрые семена. Даже малые дела могут многое значить для другого человека.

***Жақсылық жасау үшін керемет жобалар ойластырудың қажеті жоқ. Тіпті кішкентай көмектің өзі біреулер үшін өте көп мағына беруі мүмкін.***

17. Одна из величайших радостей жизни — стать частью чего-то большего, чем твоя собственная жизнь и личный опыт.

***Ең басты бақыт-өз жеке өміріңнен және жеке тәжірибеден гөрі біреудің үлкен бір бөлшегі болғаның.***

18. В стрессовой ситуации, ощущая невозможность собраться с силами, очень важно отделить то, что произошло с вами, от того, что происходит внутри вас.

***Шиеленіскен жағдайда барлық мүмкін емес күшіңді жинай отырып, сізден өтіп жатқан сезімді ішкі дүниеңізден ажырату маңызды болып табылады.***

19. Жизнь может быть хорошей, если мы выбираем это.

***Егер де қалағанын таңдай алсақ,өмір өте тамаша көрінуі мүмкін.***

20. Раньше я спрашивал: почему я? Почему это случилось со мной? Но теперь я говорю: почему и не со мной?

Бұрындары: «Неге мен? Неге дәл менімен осы жағдайлар болып жатыр?» -деген сұрақтар қоятынмын. Алайда қазір «Неге менде болмайды?» деген сұраймын.

21. Еще один день — еще одна возможность!

***Тағы бір жаңа күн-тағы бір мүмкіндік береді.***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/erekshe-adam-nik-vuychichti-aforizmderi-aza-sha-s-yleydi-526658](https://yvision.kz/kk/post/erekshe-adam-nik-vuychichti-aforizmderi-aza-sha-s-yleydi-526658)