---
title: "Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 21 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Депар..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-22T04:21:01+00:00"
modified: "2015-04-22T04:21:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/energetika-zh-ne-t-r-yn-y-komunaldy-sharuashyly-y-bas-armasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-tt-493349"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/energetika-zh-ne-t-r-yn-y-komunaldy-sharuashyly-y-bas-armasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-tt-493349/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

> Ағымдағы жылдың 21 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Депар...

![Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/MH75K6psBL5cU11W9Zq541aOJWhH7P.jpg)

Ағымдағы жылдың 21 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті облыстық энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Өз кезегінде мемлекеттік сатып алу, құқық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Б.А.Тұрсынов басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған жұмыстар туралы баяндап, бұл жұмыстар үнемі жалғасатынын жеткізді.

Сонымен бірге, басқарма ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.

![Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/347G1NZ8c55WY9D0XLQn7mCf3GjQOE.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/energetika-zh-ne-t-r-yn-y-komunaldy-sharuashyly-y-bas-armasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-tt-493349](https://yvision.kz/kk/post/energetika-zh-ne-t-r-yn-y-komunaldy-sharuashyly-y-bas-armasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-tt-493349)