---
title: "Енді вейп үшін сотталасыз"
description: "Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-24T08:35:10+00:00"
modified: "2024-01-24T08:44:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/endi-veyp-shin-sottalasyz-1000236"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/endi-veyp-shin-sottalasyz-1000236/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Енді вейп үшін сотталасыз

> Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды...

Бүгін Мәжіліс депутаттары елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастыратын заңды екінші оқылымда мақұлдады.

![Енді вейп үшін сотталасыз](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/dc483e72c4a373ebcddfed401c17ac.jpg)

Фото: missoffice.org-

Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған.

"Электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", - деді мәжілісмен.

Мәжіліс қабылдаған заң Сенаттың қарауына жіберілді. Одағылар да вейпке тыйым салуды қолдайды деп ойлаймыз.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда мынадай жазалар қарастырылған:
- Вейп сатқаны үшін ең үлкен жаза - 50 тәулікке дейін қамау.

- Елге әкелгені және таратқаны үшін - 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

- Дәл осындай іс-әрекетті қылмыстық топ жасаса немесе аса ірі көлемде немесе бірнеше рет жасаса - 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/endi-veyp-shin-sottalasyz-1000236](https://yvision.kz/kk/post/endi-veyp-shin-sottalasyz-1000236)