---
title: "Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады"
description: "Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз. Сурет: Info-zhilish.ru Еліміздегі..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-08T10:19:36+00:00"
modified: "2024-01-08T10:22:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/endi-sottar-t-r-yndardy-yinen-ua-ytsha-shy-aryp-zhibere-alady-999664"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/endi-sottar-t-r-yndardy-yinen-ua-ytsha-shy-aryp-zhibere-alady-999664/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады

> Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз. Сурет: Info-zhilish.ru Еліміздегі...

*Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз.*

![Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/be77c30bf291fceafc591ad6956f67.jpg)

Сурет: Info-zhilish.ru

Еліміздегі судьяларға тұрғындарды баспанасынан шығарып жіберу құқығы берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

Ол заңдарға әйел мен бала құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын арттыру бағытындағы түзетулер жайында айтты.

«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен адам сабауды криминалға жатқызу жоспарланып отыр. Енді сотқа сондай құқық бұзған адамды үйінен уақытша шығарып жіберу құқығы беріледі. Оған Әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, өз әрекеті жайында ойлану туралы ұсыныс та айтылады. Сондай-ақ, сот зорлықшыны психокоррекциялық курстан өтуге міндеттеуге де құқылы», – дейді Р.Зұлқайыров.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/endi-sottar-t-r-yndardy-yinen-ua-ytsha-shy-aryp-zhibere-alady-999664](https://yvision.kz/kk/post/endi-sottar-t-r-yndardy-yinen-ua-ytsha-shy-aryp-zhibere-alady-999664)