---
title: "Еңбек адамы – ел адамы: Президенттің шынайы бағалауы"
description: "Мемлекет басшысы еңбекшілердің маңыздылығын атап өтіп, олардың елдің болашағына қосқан үлесін ерекше атады."
author: "akorda"
published: "2025-09-05T07:10:19+00:00"
modified: "2025-09-05T07:10:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbekkorlyk-ulttyn-negizgi-kasieti-prezidenttin-halyk-enbegine-degen-ozara-kurmeti-1016930"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbekkorlyk-ulttyn-negizgi-kasieti-prezidenttin-halyk-enbegine-degen-ozara-kurmeti-1016930/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек адамы – ел адамы: Президенттің шынайы бағалауы

> Мемлекет басшысы еңбекшілердің маңыздылығын атап өтіп, олардың елдің болашағына қосқан үлесін ерекше атады.

> – Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттің бірі. Мен әр сөзімде осы мәселеге ерекше мән беремін. Маңдай термен келген адал еңбектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады. Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген жақсы сөз бар. Еңбек адамы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс істейтін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз. Мен жыл басынан бері еліміздің әр саласында жұмыс істеп жүрген азаматтарды арнайы шақырып, марапаттап жатырмын. Мұны халқымыздың Сіздерге көрсеткен ыстық ықыласы, шынайы құрметі мен алғысы деп түсінген жөн, – деді Президент.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/enbekkorlyk-ulttyn-negizgi-kasieti-prezidenttin-halyk-enbegine-degen-ozara-kurmeti-1016930](https://yvision.kz/kk/post/enbekkorlyk-ulttyn-negizgi-kasieti-prezidenttin-halyk-enbegine-degen-ozara-kurmeti-1016930)