---
title: "Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі мен қолдау шаралары: Негізгі нәтижелер"
description: "157,8 мың адамды жұмыспен қамту, өндірістік жарақаттарды азайту және атаулы көмек жөніндегі маңызды ақпарат."
author: "akorda"
published: "2025-06-03T09:43:31+00:00"
modified: "2025-06-03T09:43:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbek-zhane-aleumettik-damu-memleket-basshysy-aldagy-zhosparlardy-tanystyrdy-1014547"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbek-zhane-aleumettik-damu-memleket-basshysy-aldagy-zhosparlardy-tanystyrdy-1014547/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі мен қолдау шаралары: Негізгі нәтижелер

> 157,8 мың адамды жұмыспен қамту, өндірістік жарақаттарды азайту және атаулы көмек жөніндегі маңызды ақпарат.

Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.

**Негізгі көрсеткіштер:**

- биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген;

- 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған;

- жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

**➤ Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету:**

- жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді;

- өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды;

- кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.

**➤ Цифрландыру:**

министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.

**Президент тапсырмасы:**

- әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіру;

- атаулы көмектің тиімділігін арттыру;

- жұмыспен қамту шараларын кеңейту;

- еңбек жәнеәлеуметтік салаларды цифрландыру.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/enbek-zhane-aleumettik-damu-memleket-basshysy-aldagy-zhosparlardy-tanystyrdy-1014547](https://yvision.kz/kk/post/enbek-zhane-aleumettik-damu-memleket-basshysy-aldagy-zhosparlardy-tanystyrdy-1014547)