---
title: "Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді"
description: "Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс..."
author: "journalist_n"
published: "2026-01-05T07:59:55+00:00"
modified: "2026-01-05T07:59:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbek-adamdaryna-kurmet-korsetildi-1019267"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/enbek-adamdaryna-kurmet-korsetildi-1019267/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

> Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс...

**Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b54b09254edb76484457c154ba72b5f0.jpg?width=1081&height=720) Айта кетейік, жыл бойы іске асырылған бастамалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Қала әкімі атап өткендей, бұл бағыт Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына толық сәйкес келеді.«Бүгін марапатталған әр азамат өз еңбегімен қаламыздың дамуына нақты үлес қосып отыр. Шымкент – еңбекқор адамдардың қаласы. Мегаполис әрдайым адал еңбектің нәтижесінде дамып келген және бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді», – деген Ғабит Сыздықбеков қатысушыларға алғысын білдірді.Іс-шара барысында кәсіби шеберлігін танытқан, жұмысына жауапкершілікпен қарап, жас ұрпаққа үлгі бола білген бірқатар азамат алғыс хаттармен марапатталды. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ff2632123ec3e9a1a1633fcc5173cda9.jpg?width=1081&height=720) Ғабит Сыздықбеков жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарын құттықтап, әр отбасына мол бақыт, зор денсаулық пен молшылық тіледі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/enbek-adamdaryna-kurmet-korsetildi-1019267](https://yvision.kz/kk/post/enbek-adamdaryna-kurmet-korsetildi-1019267)