---
title: "«Емшек көрсету кеші болған ба?» Баянның мерейтойына барғандар оңбай сөз естіді"
description: "Кеше белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп тойлады. Жалпы, мерейтой..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-20T12:36:33+00:00"
modified: "2024-01-20T12:37:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/emshek-k-rsetu-keshi-bol-an-ba-bayanny-mereytoyyna-bar-andar-o-bay-s-z-estidi-1000096"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/emshek-k-rsetu-keshi-bol-an-ba-bayanny-mereytoyyna-bar-andar-o-bay-s-z-estidi-1000096/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Емшек көрсету кеші болған ба?» Баянның мерейтойына барғандар оңбай сөз естіді

> Кеше белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп тойлады. Жалпы, мерейтой...

Кеше белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп тойлады.

![«Емшек көрсету кеші болған ба?» Баянның мерейтойына барғандар оңбай сөз естіді](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/7b1bc94db86420fde26ae1427281dc.jpg)

Жалпы, мерейтой керемет өтті деуге болады. Тек оған келген кейбір «жұлдыздардың» желі қолданушыларының сынына қалғаны болмаса. Жұртқа олардың киім киісі ұнамай қалыпты.

Негізінен қазақи ортаға жақын болғандықтан шығар, Мәдина Сәдуақасова мен Жұлдыз Әбдукәрімова оңбай сөз естіген. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары жағымсыз пікірге толы.

Жұрт Мәдинаға «Кеше емшек көрсету кеші болған ба? Бәрінікі «сен тұр, мен атайын» деп тұр ғой», «Іш киімді шатастырып сыртынан киіп алған ау деймін», «Омырау көрсетуден сайыс өткен сияқты. Келесі туған күнде төтен көрсетіп жарыспасаңдар болды» деп жазса, Жұлдызға «Енең, атаңның алдында көкірегіңді ашып жүргеніңді ұят көрмейсің бе? Төрт баланың анасы.... Не болып барамыз?», «Қанекей, көйлекті шешіп тасташы. Не керек сол? Емшекке дейін ашқан сөң несі қалды? Көрмегенді көрейік та, ашып таста, дүниеге бір келесің ғой. Ойыңа не келсе соны істейді екенсің. Атаң бетіңнен сүйгенде, мен ұялдым-ай» деп жазыпты.

Айта кетейік, Баян Алагөзова 1974 жылдың 9 қаңтарында Оралда дүниеге келген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/emshek-k-rsetu-keshi-bol-an-ba-bayanny-mereytoyyna-bar-andar-o-bay-s-z-estidi-1000096](https://yvision.kz/kk/post/emshek-k-rsetu-keshi-bol-an-ba-bayanny-mereytoyyna-bar-andar-o-bay-s-z-estidi-1000096)