---
title: "Эмоционалды академиялық күйіну"
description: "Жанатаев Д.Ж.ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцентРахимова М.С.ҚазҰУ , Филология факультетінің1-курс ..."
author: "maral_sultanbekkyzy"
published: "2022-02-16T17:02:35+00:00"
modified: "2022-02-16T18:51:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/emocionaldy-akademiyaly-k-yinu-961500"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/emocionaldy-akademiyaly-k-yinu-961500/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Эмоционалды академиялық күйіну

> Жанатаев Д.Ж.ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцентРахимова М.С.ҚазҰУ , Филология факультетінің1-курс ...

Жанатаев Д.Ж.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент

Рахимова М.С.

ҚазҰУ , Филология факультетінің

1-курс магистранты

Бүкіл әлемде білім кез келген қоғамдық дамудың маңызды баспалдағы болып табылады. Кез келген қоғамда формальды білімнің нәтижесінде келетін академиялық жетістік ұлттың байлығы мен оның гүлденуі үшін өте маңызды. Себебі, академиялық жетістік адамның қабілетінің көрсеткіші, оқу орнына түсушілер үшін алғышарт және оның қоғамдағы мансабы мен жұмысқа орналасуын анықтаушы ретінде пайдаланылады. Осы себепті, студенттер жақсы академиялық баға алу үшін үнемі қысымға ұшырайды.

1974 жылы эмоционалды күйінумәселесіне бірінші болып американдық психиатр Г.Фрайденберг назар аударды. Ол оны тұлғааралық қарым-қатынаста терең тұлғалық өзгерістерге әкелетін эмоционалды сарқылумен байланыстырды [1]. Адамдармен тікелей жұмыс істейтін, әсіресе жұмысында эмоционалды эмпатия және жауапкершілікті көп алатын адамдар (дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және т.б.) күйінуге бейім болып келеді.

Зерттеулер көрсеткендей, студенттер де үлкен қысым болған кезде, тиісті қолдау механизмдері болмаса, олар эмоционалды академиялық күйінуге бейім болады [2, 3]. Академиялық күйінуді Шауфели [2] жоғары академиялық талаптарға байланысты шаршау сезімі ретінде, бұл студенттерде тапсырмаларға теріс көзқарастар мен пессимистік сезімдерді қалыптастыратын адамның психологиялық жағдайы ретінде анықтады.

Қазіргі уақытта университет студенттерінің эмоционалды күйіну мәселесіне психология, педагогика және медицина саласындағы зерттеушілер детөменде берілген бірқатар себептерге байланысты назар аударады:

• эмоционалды шаршау студенттердің физикалық және психикалық әл-ауқатына кері әсер етеді;

• академиялық шаршаған студенттер оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтады; нәтижесінде олардың оқу үлгерімі нашарлайды, бұл олардың жоғары оқу орнынан шығарылуына әкелуі мүмкін;

• университетте оқу кезінде академиялық шаршау синдромын басынан өткерген студент, келесі мансап кезеңдерінде, кәсіпті игеруге талпыныс кезеңдерінде одан әрі дамуына ықпал етуі мүмкін;

• академиялық шаршау студенттің тұлға аралық қарым-қатынас жүйесін міндетті түрде бұзады, бұл студенттік ортада қақтығыстардың көбеюіне және мұғалімдердің талаптарына деген бей-адекватты реакцияларға әкеледі.

Жоғарыда аталған себептер студенттердің академиялық күйінуінің дер кезінде алдын алу және диагностикалау, оның дамуына ықпал ететін факторларды анықтау маңыздылығын анықтайды.

Сонымен қатар, Шауфели академиялық күйінуді үш негізгі кіші категорияға бөлді: эмоционалдық шаршау, цинизм және академиялық тиімсіздік. Эмоционалды шаршау - бұл студенттерге оқудағы жетістіктері үшін көрсетілетін академиялық қысымнан туындайтын жағдай. Цинизм категориясында студенттер өздері күткендей үлгере алмаған кезде пайда болады, сондықтан олар оқуға теріс көзқараспен қарап, немқұрайлылық танытады. Академиялық шаршаудың соңғы кезеңі ретінде келетін академиялық тиімсіздік оқу үлгерімінің төмен болуына әкелетін жеткіліксіздік сезімін және құзіреттіліктің төмендеуін білдіреді.

Сонымен, эмоционалды күйіну эмоционалды және физикалық шаршау сезімімен, оқуға деген ынтасының төмендеуімен, мұғалімдерге және курстастарына теріс көзқараспен және сәйкесінше, төмен оқу үлгерімімен бірге жүреді. Семестрлік емтихандар, курстық жұмыстар және бітіру жұмыстарының аяқталу мерзімі сияқты ерекше шиеленісті кезеңде синдромның көріністері ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Академиялық күйінуі әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін болғандықтан, оның алдын алу және емдеу бойынша кешенді шаралар жүйесін әзірлеу қажет. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің өзіндік тиімділігін дамытуға, студенттердің оқу процесіне қызығушылығын арттыруға, студенттердің уақытты тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға және өздерінің коммуникативті мәдениетін арттыруға ықпал етуі керек. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде академиялық күйінуге әсер ететін жағдайлар мен факторларды, соның ішінде студенттердің шаршауын ескеру қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

1. [1] H.J. Freudenberger, “Staff Burn-out,” Journal of Social Issues, vol. 30, no. 1, pp. 159–165, 1974.

2. W. B. Schaufeli, I. M. Martínez, A. M. Pinto, and M. Salanova, “Burnout and engagement in university students,” Journal of Cross-Cultural Psychology, vol. 33, no. 5, pp. 464–481, 2002.

3. H.-J. Bakker, “Factors affecting student burnout and academic achievement in multiple enrollment programs in Taiwan’s technical-vocational colleges,” International Journal of Educational Development, vol. 24, no. 3, pp. 283–301, 2004.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/emocionaldy-akademiyaly-k-yinu-961500](https://yvision.kz/kk/post/emocionaldy-akademiyaly-k-yinu-961500)