---
title: "Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу"
description: "Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-10T06:33:52+00:00"
modified: "2015-09-10T06:33:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/emdeu-mekemelerinde-zhem-orly-ty-aldyn-alu-538318"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/emdeu-mekemelerinde-zhem-orly-ty-aldyn-alu-538318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу

> Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген...

![Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/zoyqsZfdiyvie50Ph7i45K25aa2smg.jpg)

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша жұмыстары аясында СҚО әкімдігінің «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» шжқ КМК ұжымына семинар өткізді.

![Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/QSG96jY1JXpfrmYjmgVl3JFpg0hSSi.jpg)

Кездесу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, мекеменің медицина қызметкерлеріне еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын түсіндірумен қатар, жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңашылдықтар бойынша жемқорлық жасаған тұлғаларға қарастырылған жаза түрлері қарастырылды.

![Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/swwDfnibDiEACtt7b7WL7KD84myd5Y.jpg)

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіндігі де талқыға салынды. Өйткені өкінішке орай, тұрғындардан келіп түскен арыздардың басым бөлігі - медицина мекемелерінің қызметіне қатысты болып отыр.Семинар соңында, қатысушыларға олардың қоғамдағы жемқорлыққа қарсы танымының деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.Ал көрсетілген тақырыптық слайдтар мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі туралы таратылған үгіттік материалдар, ақ халатты абзал жандардың жемқорлыққа қатысты көзқарастарын түбегейлі өзгертетіндігі сөзсіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/emdeu-mekemelerinde-zhem-orly-ty-aldyn-alu-538318](https://yvision.kz/kk/post/emdeu-mekemelerinde-zhem-orly-ty-aldyn-alu-538318)