---
title: "Емделейік,жазылайық..."
description: "Осыдан бір-екі ай бұрын Алматы қаласының вокзалында отырмын. Тұмау тиіп, мұрын бітіп, быт-шыт боп о..."
author: "karimova__"
published: "2015-11-18T08:47:07+00:00"
modified: "2015-11-18T08:47:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/emdeleyik-zhazylayy-645793"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/emdeleyik-zhazylayy-645793/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Емделейік,жазылайық...

> Осыдан бір-екі ай бұрын Алматы қаласының вокзалында отырмын. Тұмау тиіп, мұрын бітіп, быт-шыт боп о...

***Осыдан бір-екі ай бұрын Алматы қаласының вокзалында отырмын. Тұмау тиіп, мұрын бітіп, быт-шыт боп отырған жайым бар. Айналам у-шу , бірін-бірі итеріп, әйтеуір бір жаққа асығып бара жатқан адамдарда жұмысым жоқ. Менде болса тек “мына бір билетті алып, тезірек кетсем екен” деген ой. “Әй,ауру” деген дауыс құлағыма оқтай қадалды да қойды. “Ауру” деп отырғаны мен емес пе екен деп селт еттім. Сөйтсем, вокзал қызметкері үсті – басы кір бір мас кісіні қуып жатыр екен..***

Мұны не үшін айтып отырмын?! Адамдарға кенес беріп, бұл немесе осыған ұқсас оқиғалардың мән –жайын ашатындай мен психолог маманы емеспін. Дегенімен , “Осы адамдарға не жетіспейді? , Олардың соншалықты ішімдікке салынатындай не себеп бар ” деген сұрақтар көкейімнен кетпеді.

Бір кездері білдей бір мекемелердің басқарушылапы болып, осы бір “40 градусқа деген махаббаттан ” үй-күйінен, жұмысынан , бала-шағасынан да айырылып жатқаны да құпия емес. Енді үйленіп, үй болып, басына кіщкене қиындық түссе болды істі ер мінездік танытып, мойнымен көтеудің орнына, бөтелке көмегімен шешетін жігіттеріміз де бар. Дастарханға қоятын асқа табылмайтын ақша , темекі мен араққа табылады сондайларда. Сөздің шыны керек ,көп жағдайда ата-бабамыз “жынды су” деп атап кеткен осы бір ішімдік болмаса еш мерей-тойымыз өтпейтін тәрізді. Ең өкініштісі, дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтайды деп сеніп жүрген , өз немерелерімен қатар жастармен жарысып ішіп жүрген үлкен кісілеріміз де бар. Әрине, көпке топырақ шашып, ақыл айтатын мен емес. Әйтсе де, бұл өзімдік пікірім, жанайқайым. Барымызды бөтелкеге салып, бабаларымыз қызғыштай қорғаған шаңырағымызды шайқалтып алмайық дегенім. Жау болған осы бір дерттен арылайық, емделейік, жазылайық.

ЖУПАР КАРИМОВА

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/emdeleyik-zhazylayy-645793](https://yvision.kz/kk/post/emdeleyik-zhazylayy-645793)