---
title: "ҰЭМ: 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруі 67 пайыздан 53 пайызға қысқарады"
description: "Қазақстанда ТКШ жаңғырту аясында 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруі 67 пайыздан 53 пайыз..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-11-26T07:38:00+00:00"
modified: "2015-12-02T00:39:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/em-2020-zhyl-a-aray-inzhenerlik-zhelilerdi-eskirui-67-payyzdan-53-payyz-a-ys-arady-652033"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/em-2020-zhyl-a-aray-inzhenerlik-zhelilerdi-eskirui-67-payyzdan-53-payyz-a-ys-arady-652033/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҰЭМ: 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруі 67 пайыздан 53 пайызға қысқарады

> Қазақстанда ТКШ жаңғырту аясында 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруі 67 пайыздан 53 пайыз...

Қазақстанда ТКШ жаңғырту аясында 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруі 67 пайыздан 53 пайызға қысқарады, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасының негізгі мақсатының бірі 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруін 67 пайыздан 53 пайызға қысқарту болып саналады. Желілердегі апаттық жағдайларды қысқарту 200-ден 100 шақырымға дейін, яғни 80 бірлік», - М.Жайымбетов.

«Қазіргі кезде Республика экономикасының Жалпы ішкі өнімі (ВВП) энергияны тұтыну сыйымдылығы жағынан жоғары деңгейде (немесе - дамыған елдерден 10-17 есе қалыста).Яғни, Елдегі инженерлік желілер, тұрғын үйлердің, әлеуметтік және өнеркәсіп ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін, олардың энергияны тұтыну сыйымдылығы деңгейін кемінде 15% - дан жоғарыға төмендетуіміз қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Халықтың отынды тұтыну деңгейі 31% ға дейін жетеді.Тұрғын үй секторы 11% электр энергиясын және 40% жылу энергиясын тұтынады.Шамамен 70% тұрғын үй жылуды үнемдеу техникалық талаптарына сай келмейді.

Елдегі кешендерде 1 шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясын тұтыну көрсеткіші сағатына 270 кВт болса, Европода орта көрсеткіші 100 – 120 кВт құрайды.Тұрғын және әлеуметтік кешендерде жылу энергиясын жоғалту 30% дан жоғары.

Айта кетейік, энергияны үнемдеу мәселесінің мемлекеттік стратегиялық мәні бар екені туралы Қазақстан Республикасы Президенті Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастау» атты халыққа жолдауында толық атап өтті.

М.Жайымбетов: Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде. Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«Жылу беру маусымы 15 қазанда басталды, тек Оңтүстік Қазақстанда жоспар бойынша 1 қарашада басталды. Жылу беру маусымы біркелкі жүруде, біз өңірлермен байланыстамыз, күн сайын жағдайды барлап отырамыз. Тек кейбір ұсақ-түйек мәселелер бар, жел кезінде электр желілерінің ажырап кетуі сынды жұмыстарды жасаудамыз, бірақ, жалпы жылу маусымы тұрақты жүруде», - деді М.Жайымбетов.

Комитет төрағасы желілердің ескіргендігін де айтып өтті.

«Тағы бір мәселелердің бірі желілердің ескіруі. Жылу беру құбырларының 70 пайызын жаңғырту қажет, ал жалпы жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жаңғырту жұмыстары аяқталған соң жұмысқа жаңа әсер береді деп олаймын», - деді ол.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/28602/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/em-2020-zhyl-a-aray-inzhenerlik-zhelilerdi-eskirui-67-payyzdan-53-payyz-a-ys-arady-652033](https://yvision.kz/kk/post/em-2020-zhyl-a-aray-inzhenerlik-zhelilerdi-eskirui-67-payyzdan-53-payyz-a-ys-arady-652033)