---
title: "Елтаңбаны өзгерту қанша теңгеге түсуі мүмкін?"
description: "Гуглден іздесеңіз, оған соңғы жеті жыл ішінде елтаңба саудасы туралы 12 000-нан астам хабарландыру шыққанын көресіз. Бұл ақшамен қанша болады? Фото: akorda.kz- Аудандық әкімдіктегі кабинетке арналған бір елтаңба салыстырмалы түрде қымбат емес...."
author: "jan.123"
published: "2024-03-18T07:33:19+00:00"
modified: "2024-03-18T07:33:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elta-bany-zgertu-ansha-te-gege-t-sui-m-mkin-1002370"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elta-bany-zgertu-ansha-te-gege-t-sui-m-mkin-1002370/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елтаңбаны өзгерту қанша теңгеге түсуі мүмкін?

> Гуглден іздесеңіз, оған соңғы жеті жыл ішінде елтаңба саудасы туралы 12 000-нан астам хабарландыру шыққанын көресіз. Бұл ақшамен қанша болады? Фото: akorda.kz- Аудандық әкімдіктегі кабинетке арналған бір елтаңба салыстырмалы түрде қымбат емес....

Гуглден іздесеңіз, оған соңғы жеті жыл ішінде елтаңба саудасы туралы 12 000-нан астам хабарландыру шыққанын көресіз. Бұл ақшамен қанша болады?

![Елтаңбаны өзгерту қанша теңгеге түсуі мүмкін?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/b3576e51058a9c69d38a3d32536001.jpg)

Фото: akorda.kz-

Аудандық әкімдіктегі кабинетке арналған бір елтаңба салыстырмалы түрде қымбат емес. 40-50 мың теңге. Ал үлкендеу елтаңбаның (ғимараттың алдына ілетін) бағасы 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Бірақ елде мемлекеттік мекеме өте көп қой. Ал мыңдаған данасы алынса, әрине, ол қымбаттай береді. Өзіңіз қараңызшы.

Министрліктерде елтаңбалар алу 40 млн теңгеге түсуі мүмкін. Мысалы, Қорғаныс министрлігі 2017 жылы 847 елтаңбаға 38 млн теңге төлеген.

Қалалар мен аймақтарда бір мекеме елтаңбаға 10 млн теңге жұмсауы мүмкін. Ақтөбе облысының полициясы бірер жыл бұрын ғимарат алдына ілінетін екі елтаңбыны 6,4 миллин теңгеге алған.

Ал елімізде қанша аудан бар? Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, олар – 188. Әрқайсында білім беру бөлімі бар. Егер еліміздегі әр ауданның білім беру бөлімі елтаңбаны жаңартуға тіпті 6 млн теңге емес, 2 млн жұмсағанның өзінде оған 376 млн теңге кетеді!

Енді осы сандарды 89 қалаға, 2000-нан астам әкім аппаратына, 6000-нан астам ауылға шақтап көріңізші...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elta-bany-zgertu-ansha-te-gege-t-sui-m-mkin-1002370](https://yvision.kz/kk/post/elta-bany-zgertu-ansha-te-gege-t-sui-m-mkin-1002370)