---
title: "Елордада қызылша дертін жұқтыру дерегі ересектер арасында да көбейіп жатыр"
description: "Астанада ересек адамдар арасында қызылша дертін жұқтыру дерегі 71 жағдайға дейін көбейген. Бұл..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-26T10:20:04+00:00"
modified: "2024-01-26T10:20:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elordada-yzylsha-dertin-zh-tyru-deregi-eresekter-arasynda-da-k-beyip-zhatyr-1000350"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elordada-yzylsha-dertin-zh-tyru-deregi-eresekter-arasynda-da-k-beyip-zhatyr-1000350/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елордада қызылша дертін жұқтыру дерегі ересектер арасында да көбейіп жатыр

> Астанада ересек адамдар арасында қызылша дертін жұқтыру дерегі 71 жағдайға дейін көбейген. Бұл...

Астанада ересек адамдар арасында қызылша дертін жұқтыру дерегі 71 жағдайға дейін көбейген. Бұл туралы елорданың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.

![Елордада қызылша дертін жұқтыру дерегі ересектер арасында да көбейіп жатыр](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/eb781ec12c6e69e7d464ff858f8cec.jpg)

Фото: vlast.kz-

Бейсенова Астанада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп бағаланып отырғанын айтты. Осы аптада тәулігіне 48-ге жуық жағдай тіркелді.

«Қаңтар айының басынан бері елордада қызылшаның 1 029 бастапқы және 321 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 227 жұқтыру жағдайы бар. Науқастардың 68%-дан астамы – бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар, бұл инфекцияның елордада таралуына әкелді», - деді Астананың бас санитар дәрігері.

Соңғы аптада қызылша ауруының көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есеге өсті. Өткен жаңа жылдық мереке кезінде әлеуметтік қарым-қатынастың артуына байланысты ересектер арасында қызылша жұқтыру саны 49-дан 71 жағдайға дейін өсуі байқалады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elordada-yzylsha-dertin-zh-tyru-deregi-eresekter-arasynda-da-k-beyip-zhatyr-1000350](https://yvision.kz/kk/post/elordada-yzylsha-dertin-zh-tyru-deregi-eresekter-arasynda-da-k-beyip-zhatyr-1000350)