---
title: "Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден..."
description: "Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді. Сурет: мұрағат Тексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-13T11:38:52+00:00"
modified: "2024-05-13T11:38:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elordada-mal-sharuashyly-y-nimderin-satatyn-zh-zden-astam-subekt-ba-ylausyz-zh-mys-istegen-1004559"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elordada-mal-sharuashyly-y-nimderin-satatyn-zh-zden-astam-subekt-ba-ylausyz-zh-mys-istegen-1004559/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден...

> Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді. Сурет: мұрағат Тексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше...

*Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/9d9be15def2e1c2ee7dda1419728c2.jpg)

Сурет: мұрағат

Тексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.

Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъект жұмыс істейді.

Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар - әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органдар анықталған заң бұзушылықтарды жоюда.

**Астана қаласының** **прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elordada-mal-sharuashyly-y-nimderin-satatyn-zh-zden-astam-subekt-ba-ylausyz-zh-mys-istegen-1004559](https://yvision.kz/kk/post/elordada-mal-sharuashyly-y-nimderin-satatyn-zh-zden-astam-subekt-ba-ylausyz-zh-mys-istegen-1004559)