---
title: "Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының жетекшісі болып сайланды"
description: "📷📷Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысын..."
author: "zhanibek.nurotan.kz"
published: "2023-03-30T06:20:06+00:00"
modified: "2023-03-30T06:20:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eln-r-beysenbaev-m-zhilistegi-amanat-frakciyasyny-zhetekshisi-bolyp-saylandy-986239"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eln-r-beysenbaev-m-zhilistegi-amanat-frakciyasyny-zhetekshisi-bolyp-saylandy-986239/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының жетекшісі болып сайланды

> 📷📷Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысын...

📷📷

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия Төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады.

📷📷

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, партия жанындағы жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді. Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы «AMANAT» партиясы Фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды. Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті. t.me/AMANATPartiyasy

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eln-r-beysenbaev-m-zhilistegi-amanat-frakciyasyny-zhetekshisi-bolyp-saylandy-986239](https://yvision.kz/kk/post/eln-r-beysenbaev-m-zhilistegi-amanat-frakciyasyny-zhetekshisi-bolyp-saylandy-986239)