---
title: "Елімізді жаулап алған құбылыс..."
description: "Transparency International мәліметі бойынша Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша (ИВК) 2010 жылы Қа..."
author: "Miss_Isinova"
published: "2013-09-25T05:33:14+00:00"
modified: "2013-09-25T05:33:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-zhaulap-al-an-bylys-375763"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-zhaulap-al-an-bylys-375763/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізді жаулап алған құбылыс...

> Transparency International мәліметі бойынша Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша (ИВК) 2010 жылы Қа...

![Елімізді жаулап алған құбылыс...](https://storage.yvision.kz/images/user/miss_isinova/6jrH7gS2gYbM5pxrluL57atIXa7PYL.jpg)

Transparency International мәліметі бойынша Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша (ИВК) 2010 жылы Қазақстан 105 орынды иеленді, ал 2007 жылғы көрсеткіш бойынша 150 орында, 2008 жылы 145-ші және 2009 жылы 120-шы. Бірақ осымен қатар ИВК-нің төмен көрсеткіштері жемқорлықтың эффективті алдын-алу шарттарды қолдану мақсат тұтатын, терең анализді қажет ететін жүйелі түрде және бүкілшілікті қамтитін құбылыс ретінде екенін көрсетеді.

Жемқорлықтың ауқымды таралуы Қазақстанның ұлттық мүддесіне едәуір қауіп төндіріп, мемлекетіміздегі жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық қайта қалыптасулардың жетістіктеріне күмән келтіреді. Бүкіл әлемдегідей біздің еліміздегі жемқорлық халықаралық терроризм мен ұйымдастырылған қылмыспен тікелей байланыста. Ол өз кезегінде азаматтық қоғам институтына және мемлекеттің басқаруының экономикалық саятсатына әсер етуінің қуатты тетігі ретінде қызмет етеді.

Жемқорлық деңгейінің өсуі ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді, өйткені ол әлеуметтік-экономикалық реформалардың баяулауына себеп болып, экономикалық ресурстар мен билік концентрациясының көбеюі, қоғамның дифференциалдануының өсуі, қарсылық көңіл күйге және әлеуметтік шиеленістің перманентті қайнар көзінің қалыптасуы процесстерінің күшеюіне әкеледі.

Соңғы жылдар ішінде Қазақстандағы жемқорлық аясындағы жанжалдар әртүрлі финансты-өндірістік топтар, жекелеген саясеткерлер, барлық деңгейлердегі бастықтар арасындағы күрестің эффективті механизмі ретінде қалыптасқан болатын. Нәтижесі ретінде елімізде айқын байқалатындай азаматтарымыздың жемқорлықпен күресетін мемлекеттік оргындардың қызметінің эффективтілігіне деген сенушіліктің төмендегенін көруге болады.

Бірақ осыған қарамастан халықтың өзі жемқорлыққа әрекетті қарым-қатынасын көрсетеді, бір жағынан пара алуды сынға салса, екінші жағынан тікелей түрде оның жайылуына өз үлесін қосады. Осы кезде адамгершілік сенімдер мен көптеген мәселелердің шешімідерінің ыңғайлығы арасындағы қарама-қайшы күрестің тууы жүреді.

Жемқорлықпен күресудің эффективтілігін жоғарлату үшін саяси, құқықтық және адамгершілік реттілігі мен қамтуы бойынша әрекеттерді белсендіруді қажет етеді, сонымен қатар белсенді өмірлік және саяси еріктігін белсендіру қажет, ол өз кезегінде жемқорлықтың асоциалды құбылыс ретінде қабылданатын қоғамда белгілі бір ортаға бағытталып қалыптасу керек. Сол кезде ғана белгілі бір оң нәтижелерге үміт артуға болады. Бүгінгі күнгі жемқорлықпен күресу жағдайы төмен деңгейде екеніне бәріміз куәміз, оның себебі мемлекетіміздің жемқорлыққа байланысты қылмыстарға әлеуметтік әсер ету шаралар факторының керекті дәрежеде ескермеуінен, әр түрлі рангтардағы мемлекеттік қызметкерлерді қызметке алудың ережелерін қалыптастыруға және мемлекеттік органдардың трансференттілігіне бағытталған қоғамда демократиялық қайта қалыптасу жеткіліксіз түрде жүзеге асуынан.

Перспективалы болып қоғамның әлеуметтік-психологиялық ортаның еңбекқорлық, жоғарғы мәдениет және биік кәсіпқойлық сияқты ұғымдары үлгі болатын кішіпейіл, әділетті, ақжарқын және жалпыға бірдей ізгі жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға талпынысын ынталандыру болып табылады. Ұсынылатын құқықтық шаралармен қоса бұл шаралар біздің еліміздің жемқорлық аясындағы құқық бұзушылықтарға қарсы алдынғы уақыттағы күресті белсендіру үшін нақты түрткі бола алар еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-zhaulap-al-an-bylys-375763](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-zhaulap-al-an-bylys-375763)