---
title: "Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл"
description: "ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына 30 жыл . 1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды. Осы жылдар ішінде жасақ..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-28T04:39:00+00:00"
modified: "2024-02-28T04:39:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-t-aru-yzmetine-30-zhyl-1001664"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-t-aru-yzmetine-30-zhyl-1001664/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл

> ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына 30 жыл . 1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды. Осы жылдар ішінде жасақ...

*ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына *[30 жыл](https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/714956?lang=kk)*. *

![Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/99b1ee22140d61f1b9cd0e99647d24.jpg)

1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды. Осы жылдар ішінде жасақ қызметінің арқасында 7323 жедел шығу жасалды, 5787 адам құтқарылды. Жасақта кең бейінді мамандар, құтқарушы-сүңгуірлер, кинологтар, шағын көлемді кемелердің жүргізушілері, халықаралық деңгейдегі құтқарушылар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Республикалық жедел-құтқару жасағы-әлемнің кез келген жерінде ең күрделі авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға қабілетті күштер тобы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-t-aru-yzmetine-30-zhyl-1001664](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-t-aru-yzmetine-30-zhyl-1001664)