---
title: "Еліміздің Әскери-әуе күштері АҚШ-тың «Хьюи» тікұшағына ие болды"
description: "ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтаст..."
author: "kazinform_kz"
published: "2016-04-08T04:14:06+00:00"
modified: "2016-04-08T04:14:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-skeri-ue-k-shteri-a-sh-ty-hyui-tik-sha-yna-ie-boldy-688160"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-skeri-ue-k-shteri-a-sh-ty-hyui-tik-sha-yna-ie-boldy-688160/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің Әскери-әуе күштері АҚШ-тың «Хьюи» тікұшағына ие болды

> ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтаст...

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарына сәйкес UH-1H-II «Хьюи» тікұшағымен толықты. Бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілетін үшінші тікұшақ, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

![Еліміздің Әскери-әуе күштері АҚШ-тың «Хьюи» тікұшағына ие болды](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/07XpIJ4V5Z6zr5sH10ez0ZptEg4nnv.jpg)

Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөлшектер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді. «Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.

![Еліміздің Әскери-әуе күштері АҚШ-тың «Хьюи» тікұшағына ие болды](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/7TzQmV4Ua84w5zOEusYQ469ryNk6B6.jpg)

Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта жаттаудың толық курсынан өтті. «Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді», - деп ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті.

UH-1H-II тікұшағы - бұл десантты (12 адамға дейін) және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын (оның ішінде жүкшығырмен) орындау, әуеден барлау, жаралыларды көшіру үшін арналған Bell компаниясының жеңіл көп нысаналы әскери-көліктік тікұшағы. Оның 1 800 аттың күшіндей қуатты бар. Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен жабдықталған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. Барынша салмағы - 4 762 келі, жоғары жылдамдығы - 240 км/с.

**ҚазАқпарат**

[http://inform.kz/kaz/article/2890540](http://inform.kz/kaz/article/2890540)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-skeri-ue-k-shteri-a-sh-ty-hyui-tik-sha-yna-ie-boldy-688160](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-skeri-ue-k-shteri-a-sh-ty-hyui-tik-sha-yna-ie-boldy-688160)