---
title: "Еліміздің индустриясы — жастардың сенімді қолында"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-09T23:29:52+00:00"
modified: "2015-12-09T23:29:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-industriyasy-zhastardy-senimdi-olynda-666814"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-industriyasy-zhastardy-senimdi-olynda-666814/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің индустриясы — жастардың сенімді қолында

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының Білім басқармасы және Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын башылыққа ала отырып, «Еліміздің болашақ индустриясы - жастардың сенімді қолында» атты семинар кеңес өткізілді.

Семинар кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері мен Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің педагогикалық құрамдары мен студент жастары, сондай-ақ Студенттердің «Шапағат» кіші ассамблеясы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде атап өткен мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 міндеттері жөнінде студент жастарға толық мағлұматтар берді. Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің директоры Виктор Аронович Эзау колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Үкіметтік емес ұйымдары атынан Алматы қаласындағы полицияға көмек көрсету жөніндегі қалалық штабтың жетекшісі Дмитрий Юрьевич Сон студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда мүлдем төзбеушілік ұғымын қалыптастыру арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды жүзеге асырудың тиімді тетіктері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайлы өз пікірін білдірді.

Семинар кеңес барысында барлық студенттер көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді Сондай-ақ, студент жастар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

Іс шараға «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Айқын» газеттерінің тілшілері қатысты.

![Еліміздің индустриясы — жастардың сенімді қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/5MLg1cFI68i8g18BjH6OvF020cmDhU.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-industriyasy-zhastardy-senimdi-olynda-666814](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-industriyasy-zhastardy-senimdi-olynda-666814)