---
title: "Еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Мұнайлы ауданында болды"
description: "Мұнайлы аудандық емханасы директорының міндетін атқарушы Жанар Есенғалиқызы Досжанованың айтуынша, м..."
author: "News-Aktau"
published: "2020-01-10T03:06:54+00:00"
modified: "2020-01-10T03:06:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-densauly-sa-tau-vice-ministri-m-nayly-audanynda-boldy-847569"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-densauly-sa-tau-vice-ministri-m-nayly-audanynda-boldy-847569/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Мұнайлы ауданында болды

> Мұнайлы аудандық емханасы директорының міндетін атқарушы Жанар Есенғалиқызы Досжанованың айтуынша, м...

Мұнайлы аудандық емханасы директорының міндетін атқарушы Жанар Есенғалиқызы Досжанованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары әлі де жалғасады. 250 ауысымға арналған емхана 117 000 халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы 378 149 адамға қызмет көрсетілген.

Бүгінде 1877 адамның сақтандырылған статусы анықталмай отыр. Оның бірден-бір себебі тұрғындардың тіркелген мекенжайда тұрмауы немесе көшіп кетуінен болып отыр. Десе де, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, бүгінде орталық емханада мамандар тапшылығы сезіліп отыр. Атап айтқанда 23 дәрігер жетіспейді. Ал емхана құрамында 7 дәрігерлік-амбулатория, 4 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы жұмыс жасайды. Барлық елді-мекенді қамтиды, оның ішінде Атамекен, Қызылтөбе, Батыр, Баянды, Дәулет, Басқұдық және Маңғыстау.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-densauly-sa-tau-vice-ministri-m-nayly-audanynda-boldy-847569](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-densauly-sa-tau-vice-ministri-m-nayly-audanynda-boldy-847569)