---
title: "Еліміздің бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды ма?"
description: "Әлеуметтік желіде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайында бірінші болып Nege.kz телеграм-арнасы хабарлаған еді. Соны әлеуметтік желідегі басқа көптеген парақшалар мен ақпарат құралдары іліп..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-30T03:51:53+00:00"
modified: "2024-04-30T03:51:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-b-ryn-y-ishki-ister-ministri-staldy-ma-1004121"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-b-ryn-y-ishki-ister-ministri-staldy-ma-1004121/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды ма?

> Әлеуметтік желіде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайында бірінші болып Nege.kz телеграм-арнасы хабарлаған еді. Соны әлеуметтік желідегі басқа көптеген парақшалар мен ақпарат құралдары іліп...

*Әлеуметтік желіде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/00cabb72dd59386b1eead754a43d7b.jpg)

Бұл жайында бірінші болып Nege.kz телеграм-арнасы хабарлаған еді. Соны әлеуметтік желідегі басқа көптеген парақшалар мен ақпарат құралдары іліп әкетті.

«Біздің ақпарат көздеріміздің хабарлауынша, бүгін бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұдай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс негізінде қабылдаған», – деп жазды кеше Nege.kz.

Әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болды. Ол 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетіп, тамызда Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Ал қыркүйекте Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Атқару комитетінің жанындағы тұрақты өкілі қызметіне кірісті.

Айта кетейік, Бас прокуратурадағылар биыл наурызда Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу аясында Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынғанын хабарлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-b-ryn-y-ishki-ister-ministri-staldy-ma-1004121](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-b-ryn-y-ishki-ister-ministri-staldy-ma-1004121)