---
title: "Еліміздің азаматтары интернет-аляақтарға екі айда 4..."
description: "Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет-алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-28T11:03:54+00:00"
modified: "2024-03-28T11:03:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-azamattary-internet-alyaa-tar-a-eki-ayda-4-mlrd-te-ge-bergen-1002765"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-azamattary-internet-alyaa-tar-a-eki-ayda-4-mlrd-te-ge-bergen-1002765/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің азаматтары интернет-аляақтарға екі айда 4...

> Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет-алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен...

Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет-алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген.

![Еліміздің азаматтары интернет-аляақтарға екі айда 4...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/9a1b6c634f22d49506429ec120dfda.jpg)

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл басынан бері ең көп тіркелген интернет алаяқтық түрлерін атады.

«2 айда 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Біздің елде интернет алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі белгілі сауда алаңдары мен чаттарында, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде хабарландыру мен жарнамалар арқылы жасалатын интернет сауда. Әдетте алаяқтар өз қызметінің немесе тауардың бағасын нарықтағыдан төмен етіп көрсетіп, алдын ала төлем сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді», - деді орталық бастығы.

Оның сөзінше, алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға:
- Біріншіден, тексерілген жаранама сайттарын пайдалану керек;
- Екіншіден, тауарды қолға алғаннан кейін ғана төлем туралы келісу қажет;
- Үшіншіден, тауардың бар екеніне бейнеқоңырау арқылы көз жеткізу керек. Тауар басқа қалада болса сондағы туыстарыңыз бен таныстарыңыз арқылы алғызу қажет.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-azamattary-internet-alyaa-tar-a-eki-ayda-4-mlrd-te-ge-bergen-1002765](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-azamattary-internet-alyaa-tar-a-eki-ayda-4-mlrd-te-ge-bergen-1002765)