---
title: "Еліміздің 21 жоғары оқу орны әлемнің үздік..."
description: "2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarell Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымы – QS World University Rankings 2025-ті жариялады. Фото: isttravel.ru ..."
author: "orazali"
published: "2024-06-05T04:10:06+00:00"
modified: "2024-06-05T04:10:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-21-zho-ary-o-u-orny-lemni-zdik-universitetterini-zha-a-reytinginde-k-rsetildi-1005320"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-21-zho-ary-o-u-orny-lemni-zdik-universitetterini-zha-a-reytinginde-k-rsetildi-1005320/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздің 21 жоғары оқу орны әлемнің үздік...

> 2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarell Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымы – QS World University Rankings 2025-ті жариялады. Фото: isttravel.ru ...

*2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarell Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымы – QS World University Rankings 2025-ті жариялады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/62b4c211cca29d23e727aba45700ec.jpg)

*Фото: isttravel.ru*

Рейтингтен Қазақстанның 21 жоғары оқу орны көрінді. Оның бесеуі өз позицияларын жақсартып, төртеуі сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық ЖОО арасында көшбасшы болып қала отырып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына қайта оралды. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 163-ші орынға ие болды. Бұл оның өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға көтерілгенін көрсетеді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (355-орыннан 321-орынға) және Қ. Сәтбаев Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің көрсеткіштері жақсарды (481-орыннан 405-орынға). Жақсартулар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де байқалады (671-орыннан 680-орынға).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-21-zho-ary-o-u-orny-lemni-zdik-universitetterini-zha-a-reytinginde-k-rsetildi-1005320](https://yvision.kz/kk/post/elimizdi-21-zho-ary-o-u-orny-lemni-zdik-universitetterini-zha-a-reytinginde-k-rsetildi-1005320)